Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ИТ ӨМІР»

c 20:39, 25/01/2023 c 115

0:00 / 0:00

Қаңғыбас иттер проблемасы қоғамды алаңдататын жағдайға жетті. Өткен жылдың наурызынан бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң күшіне енгенін білесіздер. Осыған орай қаңғыбас иттерді қамап, жою жұмыстары тоқтатылған болатын. Алайда, иесіз қалған бұралқы иттерді көше кезіп жүруі тұрғындар үшін қауіп төндіріп отыр. Иттердің адамдарға шабуыл жасау деректері де аз емес. Бұл орайда құзырлы органдар қандай шара қолдануда? Өңірлер бойынша қаңғыбас иттер мәселесіне шолу жасап көрген едік. Сөз тізгінен Астаналық тілшіміз Әселім Қалкенге беремін

Ит өмір. Жеті қазынаның бірі болып табылатын төрт аяқты жануардың қор болып, дала кезіп, қаңғыбас ит аталуына не себеп болды? Неге мыңдаған ит қараусыз қалған? Олардың ендігі тағдыры не болмақ? Қаңғыбас иттер проблемасы қазір қоғамды алаңдататын жағдайға жетті. Себебі иесіз қалған бұралқы иттердің көше кезіп жүруі тұрғындар үшін қауіп төндіріп отыр. Иттердің адамдарға шабуыл жасау деректері де аз емес. Өткен жылдың наурызынан бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң күшіне енгенін білесіздер. Осыған орай қаңғыбас иттерді қамап, жою немесе ату жұмыстары тоқтатылған болатын.

Астанадағы ветеринарлық қызмет мекемесі осы иесіз қалған иттерді аулап, арнайы оқшаулау орындарында ұстайды. Мекеме басшысының айтуынша, күніне 101 қаңғыбас ит ауланады. Олар алдымен карантинде болып, ауру иттер болса ем-дом жасалады. Одан әрі..

Бірақ қаншама итті бағып-қағып ұстау, тамақтандыру қомақты қаржыны талап ететіні сөзсіз. Қала бюджетінен қаңғыбас иттерді аулайтын мекемеге жылына 200 миллион теңге жұмсалады.

Байқағанымыз қараусыз қалған иттердің ішінде асыл тұқымдылары да баршылық. Төбет, алабай, хаски тұқымды иттерді де көзіміз шалды. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, итті асырап алушылар әлеуметтік желідегі хабарлама арқылы келіп, алып кетіп жатады. Көшеде ауланған иттердің жүзге жуығы қолға өтеді екен. Ал қалғаны оқшаулау орталығын пана тұтады. Бұл жерде еріктілер келіп қолқабыс жасап тұрады екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.