Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Іскер әйелдер форумы

c 18:12, 26/11/2021 c 1505

0:00 / 0:00

Облыс орталығында іскер әйелдердің форумы өтті. Бір қолымен бесік, екінші қолымен кәсіптерін тербеткен нәзік жандылар бизнесте де ерлерден қалыс қалмай, иық тіресе өз ісін дөңгелентіп келеді. Бүгінде аймақта кәсібін ашқан бизнес субъектілерінің 44 пайызы әйел адамдарға тиесілі.

Ақжайықтың іскер әйелдері арнайы форумда бас қосты. Басты мақсат-бизнесвумендердің атқарған жұмыстарын пысықтап, болашақты жоспарлау. Облыстың нәзік жандары бас қосқан жиында аймақ басшысы сөз алып, жаңа бастамаларға сәттілік тіледі.

Облыстың іскер әйелдер қауымдастығы таратқан ақпарға сүйенсек, облыста 22 мың шағын және орта бизнес өкілі тіркелген. Олардың 44 пайызы осы әйел адамдарға тиесілі. Мамандар жыл санап бизнеске келетін жандардың қарасы көбеюде,- дейді.

Былтыр іскер әйелдер қауымдастығының мұрындық болуымен облыста туризм ассоциациясы ашылды. Ассоциация ішкі туризмді дамытумен жұмыстанбақ. Биыл шеберлердің қауымдастығын құру жоспарлануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.