Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Интернет алаяқтарының құрбаны көп

c 16:43, 24/02/2022 c 532

0:00 / 0:00

Күні бүгінге дейін полиция басқармасына қарасты Абай полиция бөлімінде 40 алаяқтық қылмыс тіркелген. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда адамның сеніміне кіріп, бөгденің қаражатын иемдену жағдайлары ғаламторда көбейгенін айтады. Интернет қылмысы өршіп тұр. Алаяқтар әдеттегідей банктен хабарласып тұрмыз деп қоңырау шалады. Қаражаттыңыздың қауіпсіздігі үшін мәтінде смс хабарлама жібердік деп, сондағы ақпаратты бізге айтыңыз деп қолқа салады. Кілт сөзді айтқан адам әп-сәтте бар жиған-тергенінен айрылып, жер сипап қалады. Алаяқтар әйгілі схемасынан әлі айный қоймапты. Көбінесе бұған егде тартқан жандар алданып қалады екен. Және әккі қылмыскерлер әлеуметтік желі арқылы танысып, сөйлесіп, аңғалдық танытқандардың барлық ақшасын сыпырып алады. Тіпті шетелден қомақты сома салып жіберемін деп алдап соғады. Кейін ақшаны тасымалдайтын компания кеденде түрлі мәселе туындады деп жәбірленушінің қаржы аудары қажетін хабарлайды. Араға бірер күн салып, тағы да ақша сұрайды. Тағы да кеденде мәселе туындады дегенді естіп, қомақты қаржыға ие болам деген жан сан соғып жатады. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін полиция қызметкерлері сақтық шараларын ұстануға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Абай полиция бөлімінде 401 алаяқтық фактісі тіркелген. Оның 206-сы ашылыпты.

Сурет https://www.inform.kz/ сайтынан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.