Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ІІБ қасында әйел адамды өлтірген күдікті 12 жылға сотталды

c 16:29, 25/06/2018 c 656

Наурыз айында 49 жасар әйел адамды өлтірген қылмыскер 12 жыл бас бостандығынан айырылды. Қанды оқиға наурыздың 18-нен 19-ына қараған түні орын алған. Күдікті Қазталов ауданында өмір сүрген. Ол қылмыс орын алатын күні қалаға туған күнін тойлауға келеді. Сотталған азамат, алғашында бір мейрамханада көңіл көтеріпті. Кейін, олар "Кактус" мейрамханасына бет алған. Қылмыскер қасында болған досымен бірге, сол жерде марқұммен танысыпты. Куәгерлердің сөзінше, сағат түнгі 3-тер шамасында олар таксиге отырыпты. Кейін, марқұм екі азаматпен ешқайда бармаймын деп төбелес орын алған. Салдарынан, марқұм өмірімен қош айтысады. Сот сараптамасына сүйенсек, күдікті қылмыс жасаған сәтте, есі дұрыс болған, денсаулығында ешқандай ақау болмапты. Шағымданушы тарап, соттан 20 млн теңге моралдық шығынды өндіріп беруді сұраған еді. Алайда, сот барлық жағдайды сараптай келе шағымданушы тарапқа 3млн теңге болатын моральдық шығынды өтеуі тиіс деп үкім кесті. Сондай-ақ, күдікті марқұм туыстарына 903 мың теңге төлеп беруі керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.