Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Игерілмеген жерлер

c 11:23, 21/07/2020 c 357

Батыс Қазақстан облысында 2019-2020 жылдары 871 мың га жер пайдаланылмай жатқандығы анықталды. Мемлекет қарамағына 95 мың га болатын пайдаланылмай жатқан жер қайтарылды. Осы қайтарылған жерлердің ішінен ауыл шаруашылығы айналымына 28 мың га енгізілді. Игерілмеген жерлердің үлесі бойынша Сырым және Тасқала аудандары алдыңғы орындарда. БҚО жер қатынастары басқармасының бастығы Мұрат Өмірәлиевтің сөзі бойынша уақытылы игерілмей жатқан жерлерді анықтау бойынша жұмыстар қатаң түрде жүргізіліп жатыр екен.
Уақытылы пайдаланбаған жер анықталғаннан кейін иесіне бір жыл көлеміндегі мерзімде мүмкіндік беріледі. Осы уақыт ішінде жер игерілмесе әкімшілік шаралар қолданылады. Үшінше ретте жерді әділет органдары арқылы тәркіленіп, конкурстық негізде басқа жұмыс істейтін шаруашылықтарға беріледі. Өз кезегінде салық төлеушілермен уақытылы жұмыстану арқасында Үкіметке 15 миллион теңге көлемінде жер салығы аударылды. Жиынға қатысқан Ғали Есқалиев алған жерді ретімен пайдаланбай отырған кейбір агроқұрылымдарды жете тексеру керектігін атап өтті
Аймақтағы жер инспекциясының тексерісі 20-шы шілдеден басталады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.