Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Газдан уланып қаза тапты

c 17:49, 01/03/2021 c 459

0:00 / 0:00

Облыс әкімі Трекино ауылында 2 адам улы газбен уланған оқиға орнына барып, қайғылы жағдайдың себебін анықтауға тырысты. Осыған дейін белгілі болғандай 65 жастағы зейнеткерлер Бәйтерек ауданындағы жеке меншік үйінде улы газбен уланған болатын. Сол жерде болған "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мамандарының айтуынша, оқыс оқиғаның орын алуының бірнеше себептері болған.Атап айтсақ, Ресейдегі газ құбырының апатына байланысты газ қысымының төмендеуі, қатты аяз, электр қуатының үзілуі. Сондай-ақ, үйді жөндеуден кейін газ беруді автоматты түрде өшіретін сенсор бөлшектелгені белгілі болды. Нәтижесінде түтін мұржасында мұз кептелісі пайда болып, улы газ тұрғын үйге тараған. Өңір басшысы қайтыс болған ерлі-зайыптылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, қайғылы оқиғаның нақты себептерін анықтауды, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды. Тұрғындар болса ауылда коммуналдық жүйелерде көптеген мәселелердің бар екенін айтты. Әсіресе электр желілеріндегі ақау ауа-райына байланысты жиі тіркеледі екен. Ауылдық округ әкімі РЭҚ маманымен бірге электр энергиясы мен ұялы байланыстың ажырау себебін зерттеді. Тексеру қорытындысы және осындай жазатайым оқиғаларды азайту бойынша қажетті шаралар жақын арада облыс әкімдігінде қаралатын болады. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, әйелі диванда отырған жерінде жан тапсырса, күйеуі сыртқы есікке жете алмаған.  Ауылдықтар  осы қайғылы оқиғаның себебі 23-24-і ақпан күндері жарықтың ажырауынан болуы мүмкін деп болжам жасап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.