Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ГАЗБЕН ҚАМТУ КЕШЕУІЛДЕП ЖАТЫР

c 20:35, 22/02/2023 c 72

0:00 / 0:00

Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының тұрғындарын көптен күткен газға қосу қарқыны өте төмен. Ал Алматы облысының Биғаш ауылының тұрғындары 10 жылдан бері газды күтіп шаршады. Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Алшалы ауылының тұрғындары да бірнеше жылдан бері көгілдір отын күтіп жүр. Газдың ортасында отырған Батыс Қазақстан облысының Зеленое ауылында газ 2014 жылы өткізілсе де, осы күнге дейін газға әкімшілік ғимараттар ғана қосылған. Әкімдік халық туралы ұмытып кеткен сияқты. Бұл Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың келтірген мысалдары. Премьер-министр құзырлы министрлік пен әкімдерді газбен қамту мәселесі кешігіп жатыр деп сынады. Үкімет басшысы энергетика министрлігі мен «Самұрық -Қазына» қорына Президенттің тапсырмасына орай еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандырудың тиімді нұсқасын таңдауды тапсырды.

Елде газбен қамту мәселесі әлі күнге дейін толық шешімін таппай отыр. Көмір жағып отырған өңірлерге газ құбыры тартылса да, әкімдіктер тұрғындарға газ тартып беруді кешіктіріп жатыр. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың баяндауынша, еліміздің солтүстік және шығыс аймағына газ жеткізу үшін оны көрші елден тарту жолы қарастырылуда. Министр «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» екінші кезегін салу мәселесі тұрғанын айтады. Газды тұтынушылар саны артып жатқандықтан, газ құбыры қажет. Қазақстан мен Ресей арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында Ресейдің газын импорттауды ұсынды.Газ Барнауыл немесе Омбыдан тартылуы мүмкін, - деді Энергетика министрі. Ал премьер-министр қоланыста бар газ құбырлары арқылы халықты газбен қамту кешеуілдеп жатыр деп сынады.

Кейбір әкімдіктер ең алдымен өз ғимараттарын қамтып, халықты ұмытып кеткен сияқты. Тіпті газдың ортасында отырған Батыс Қазақстан облысының өзінде әлі күнге дейін газға қол жеткізе алмай жатқан ауылдар бар.

Бүгіннің өзінде газ желілерінің тозуы шамамен 60%-ға жеткен. Жылу желілері әбден тозып-біткен Екібастұз бен Рудныйдағы жағдайды еске салған премьер, газ желілеріне қысым өте жоғары, сондықтан қауіп те жоғары екенін айтты. Ал елдегі магистральдық газ құбырларының басым бөлігі 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған және қомақты қаражатты қажет етеді, - дейді ол. Жалпы 1800-ден астам елді мекенге газ тартылуы тиіс. 11,8 млн астам қазақстандық «көгілдір отынға» қол жеткізуі керек. Ал қазақтың қара алтынын тасымалдауда кедергілер туындап отыр. Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай экспорты тоқтап тұр. Бас энергетик бейсенбі яғни ертең мұнайды тасымалдау жұмысы қайта жанданады деп сендіреді.

Сондай-ақ министр таяу арада қазақстандық мұнайдың алғашқы партиясы Германияға жөнелтіледі деген ақпаратын жеткізді. 20 мың тонна мұнай "Достық" құбыры арқылы жөнелтілмек. Ақшолақовтың айтуынша, күні кеше процедуралар аяқталып, қорытынды жасалды. Мұнай жөнелту бүгін басталады. Негізі Қазақстан мұнайдың алғашқы партиясын Германияға қаңтар айының басында жіберілуі керектін. Бірақ бұл жұмыс ақпанның бірінші жартысына шегерілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.