Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Фольксваген Шаран» автокөлігі жылқылармен соқтығысты

c 12:55, 22/11/2018 c 517

Орал-Ақсай жолы бойында «Фольксваген Шаран» автокөлігі жылқылармен соқтығысты.
Оқиға 19 қараша күні Теректі ауданы Федоровтан 24 шақырым жерде болған.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандарының сөзінше, санавиацияға шақырту сағат 20.05-те түскен. Федоровтан құрамында хирург, анестезиолог-реаниматолог, фельдшер бар бригада оқиға орнына жетіп көмек көрсеткен. Аталмыш оқиғадан үш адам зардап шеккен. Олардың екеуі жедел жәрдем келгенге дейін басқа көлікпен, кетіп қалған. Ал 1975 жылғы ер адам кеудесінен жеңіл жарақат алған. Ол ауруханаға жатудан бас тартуы себепті дәрігерлер оқиға орынында жәрдем берген.

КЕНЖЕБЕК ҚҰСПАЕВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Орал мен Ақсайдың арасында такси есебінде жүретін автокөлік жол бойына шығып кеткен бес жылқымен түйісіп, соның үшеуі мерт болды. Қалған екеуі де мертіккен. Адамдар аман. Жеңіл-желпі жарақат алған. Қазіргі кезде малдың кімге тиесілі екені анықталуда. Алдын ала мәліметке қарағанда, автокөлік қалпына келтіруге келмейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.