Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Фатимаға өмір сыйлаңыз!

c 18:06, 03/02/2022 c 683

0:00 / 0:00

Кішкентай Фатимаға көмек керек. Сәби ауыр дертке шалдыққан. Оған жұлын бұлшықетінің атрофиясы деген диагноз қойылды. Қазіргі таңда Фатима ата-анасының ерекше күтімі мен өкпені жасанды тыныстандыратын құрылғының көмегімен өмір сүруде. Кішкентай Фатимаға құны 1 млрд теңге болатын дәрі ем болмақ. Көпбалалы ата-ана бауыр еті баласы аман қалуы үшін бұқара халықтан көмек сұрап, ақша жинауды жалғастыруда.

Бұл -кішкентай Фатима. Қыз баланың үш айында бұлшық етінің атрофиясы деген диагнозы қойылады. Сәбидің ата-анасы баласының жағдайы қазір қалыпты екенін айтады. Бірақ ол өкпені жасанды тыныстандыратын құрылғы мен күтімнің арқасында өмір сүріп жатыр.

Фатиманың еміне бір-ақ екпе көмектеседі. Бірақ оның құны тым қымбат. Теңгеге шаққанда 1 млрд тұрады. Фатиманың ата-анасы осыдан біраз уақыт бұрын емге ақша жинауды бастады. Күні бүгінге дейін қамқор жандар 200 млн. теңге жинап берген. Алайда әлі екпе салдыру үшін 800 млн теңгедей қаражат керек. Баланы аман алып қалу үшін ерлі-зайыптылар жақында құрылған "Қазақстан халқына" атты қордан көмек сұрап, өтініш жазған.

Әзірге қордан ешқандай хабар келмепті. Уақыт болса өтіп жатыр. Фатима құны 1 млрд теңге тұратын екпені 2 жасқа толғанша салдыру керек. Сонда ғана сәбидің емі шипалы болмақ. Фатиманың өміріне араша түскіңіз келсе, әкесінің телефонына 8-707-758-71-94 байланыс нөмірі бойынша хабарласыңыз!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.