Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ескі қорым аумағы қорғалады

c 17:17, 27/01/2021 c 483

Оралдағы Мұнай базасы ауданындағы ескі қорым сенімгерлік басқаруға берілетін болды. Бұл туралы Орал қалалық қаржы бөлімінің басшысы Ербол Шүкірғалиев мәлімдеді.Шаһардың ескі аудандарының бірі саналатын мұнай базасы ауданындағы ескі қорымның жалпы аумағы шамамен 12 гектарды құрайды. Қаланың қақ ортасында орналасқан бейіт сан жылдардан бері қараусыз қалуы себепті мемлекетпен оны сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданды.Айта кету қажет тұрғындар арасында қорым аумағы тазаланып, орнына құрылыс жүргізіледі деген «қаңқу» әңгіме жүруде. Ал шынтуайтына келгенде бәрі керісінше. Аумақ арнайы күтімге алынып, уақытылы құрылыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартылатын болады. Сонымен қатар, зираттың аумағында орман белдеуінің де болуы себепті өрт қауіпсіздігі шаралары сақталмай отыр.Аумақты сенімгерлікке тапсыру шарасын 5 ақпанда өткізу жоспарлануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.