Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Есірткімен ұсталды

c 17:59, 02/07/2019 c 925

0:00 / 0:00

Оралдық полицейлер 2 келі марихуананы өз үйіне сақтаған шаһар тұрғынын қолға түсірді. "Көкнәр 2019" профилактикалық іс шарасы кезінде күдікке іліккен 1978 жылы туылған тұрғынның үйін тінту барысында полиэтиленді пакеттегі бірнеше бөлікке бөлінген есірткі затын анықтады. Оның үстінен қазір қылмыстық іс қозғалды. Әдеттегідей жыл сайынғы «Көкнәр» жедел-профилактикалық іс-шарасы республика бойынша 1 маусымнан басталды. Оның басты мақсаты жабайы өсетін есірткі өсімдіктерін анықтау және жою, сонымен қатар заңсыз есірткі тасымалдауға қатысы бар адамдарды анықтап, ұстау және есірткі арналарының жолын кесу болып табылады.  Аталған іс-шараның бірінші айында БҚО полиция бөліністері заңсыз есірткі құралдарының айналымына байланысты 23 қылмыстық және 15 әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін анықтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.