Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Есірткі шегіп рөлге отырған

c 17:22, 28/01/2021 c 534

0:00 / 0:00

Оралда автобус жүргізушілері есірткіге еліткен күйде рөлге отырған. БҚО полиция департаменті мамандарының мәлімдесіне сүйенсек, оқиға өткен аптада болған. Қоғамдық көлік жүргізушілерілінің үсітінен іс қозғалып, сотқа жолданған. Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы түскі сағат 14.00 шамасында Самал көшесінде ГАЗ маркалы маршруттық автобусты тоқтатты. 1979 жылғы Л. деген жүргізуші есірткіге еліткен күйде рөлге отырған болып шықты. Сол күні шамамен сағат 15:30-да Құрманғазы көшесінде тағы бір осындай автобус тоқтатылды.Көздері қызарып, тәртіп сақшыларының сауалдарына нақты жауап бере алмаған қоғамдық көлік жүргізушілерінің бұл әрекеттері бірден көңілге күдік ұялатты. Осылайша наркологиялық орталыққа жеткізілген олардың қанында анашаның көп мөлшері анықталған. Бастапқыда өздерін: «судан ақ, сүттен тазамыз»,- деп ақтап алмақ болғанымен мамандар дәлелінен соң есірткі шеккендерін мойындады. Тұрғындар болса қоғамдық көлік жүргізушілері өз міндететтерін дұрыс орындамайды деген пікірде.Бұл азаматтардың «Батыс Дилижанс» ЖШС-не тиесілі қоғамдық көлік жүргізушілері екені белгілі болып отыр. Қалалық әкімдік өкілдері жолаушы тасымалдаушы компания қызметкерлерімен жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.Аталған жүргізушілер 7 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылып, оған қоса 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.