Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕСІРТКІ ӨСІМДІГІН ӨСІРУ МЕН САУДАЛАУДЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

c 22:49, 08/09/2023 c 70

Бүгінде қарасора өсімдігін өсіріп, одан есірткі тектес заттар әзірлеп, ұртын майлағандар көбейді. Тәртіп сақшылары «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында оңай олжа табуды көздегендердің әрекетіне тосқауыл қоюда. Мәселен, Бәйтерек ауданының Шаған ауылында 1965 жылы туған тұрғын есірткі өсімдігін өсірумен айналысып келген. Үйінің ауласында өсірілген және өсіру іздері бар 2 түп қарасора тұқымы, ал құрылысы басталған сарайдан ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті өсімдік салынған пакет табылған.

АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА

БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Сондай-ақ Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны интернет-дүкен арқылы есірткі сатқан. Ғаламторда саудасын қыздырған азаматты Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 5-ші қыркүйек күні қолға түсірген. Оның пәтерінен 70 зип-пакет, 13 ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті өсімдік салынған пакет тәркіленіпті. Оқиға орнынан таразы, қайшы секілді қосымша заттар табылған.

АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА

БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Полиция департаменті осы іске қатысты басқа тұлғаларды анықтау бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.