Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Есептегіш қондырғының әлегі

c 18:31, 01/02/2018 c 736

0:00 / 0:00

Орал қаласының Шукуров 9 мекен-жайының тұрғындары бүгін пәтер иелері кооперативі және "Жайық жылу қуат" АҚ мамандарымен кездесіп, есептегішті алып тастауды талап етті. Осыған дейін арнамызда аталмыш мәселе жөнінде бейнематериал көрсетілген болатын. Есептегіш орнатқалы 3 есеге дейін коммуналдық қызмет ақылары қымбаттаған тұтынушылардың әбден мазасы кетіп, ызаға булығып отыр.

Биылғы жылыту маусымы басталғалы Шукурова 9 мекен-жайының тұрғындары келген коммуналдық қызмет ақысының түбіртегін көріп, төбе шаштары тік тұрған. Жаңадан орнатылған есептегіш құрылғы ыстық судың ақысын 3 есеге қалыпты жағдайдан көп есептеген. Үйге қызмет көрсетін "ВЕС чемпион" ПИК өкілі бұл мәселеге қатысты тұрғындарды айыптап отыр.

ПИК қызметіне көңілі толмаған тұтынушылар қызмет ақысын төлеуден бас тартқан. Үй жылыту маусымына дайын болмағанына қарамастан олар ортақ есептегіш орнатыпты. Тұрғындар осындай жағдай жалғаса берсе, ПИК қызметінен бас тартуға буынып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.