Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ерлі-зайыптыларға 500 мың теңге беріледі

c 17:30, 29/10/2018 c 1459

0:00 / 0:00

2019 жылдан бастап ең төменгі жалақы 28 мың теңгеден 42 мыңға дейін өседі. Бұл елбасының биылғы жолдауында айтылған нақты тапсырманың бірі. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру мақсатында 3 жылдың көлемінде 1 трилион 288 млрд теңге бөлінбек.Соның 85,8 млрд-і мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру мақсатында жұмсалады. Орал қаласында бой түзеген Трансформаторлы зауытта 250 адам жұмыстануда. Зауыт басшылығы биылғы жылдан бастап жұмысшылардың жалақысын жүйелі түрде көтеруді жоспарлап отыр.
Елбасы Жолдауда келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауы жастарға деген сенім мен үміттің арытқандығының белгісі. Осы орайда жастардың әлеуметтік жағдайы көтеру мақсатында зауыт басшылығы түрлі жобаларды да қолға алмақ.

Ақжол Сауранбаев, "ОТЗ" ЖШС атқарушы директоры:
"Егер зауыт қызметкерлері бір-бірімен тұрмыс құрса зауыт тарапынан 500 мың теңге үстемақы беріледі. Бұрындары сәбилі болған отбасыларға 150 мың теңге көлемінде үстемақы берілсе, қазан айынан бастап 250 мың теңгеге көтерілді".

Жолдау бойынша ең төменгі айлық жалақыны көтеру үшін 85,8 миллиард теңге бөлінеді. Тиісінше, бұл қаражат 275 мың қызметкердің айлығын өсіруге бағытталады. Өңдеу өнеркәсібі мен экспортты ілгерілету үшін 500 миллиард теңге бөлінбек.

 

 

 

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.