Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ

c 18:38, 11/11/2022 c 994

0:00 / 0:00

Энергия үнемдеу жолдары талқыланды. Астанада IV Халықаралық энергия үнемдеу Форумы өтті. Жиында бас қосқан сарапшылар өнеркәсіптік энергия тиімділігін пайдалана отырып, көміртегі бейтараптығына көшу секілді жаһандық мәселелерді талқылады. Өндірістер мен ғимараттардың энергия тиімділігіне баса назар аудару айтылды. Мамандар энергияны тұтынумен қатар, оны үнемдеудің жолдарын қарастыру керек дейді.

Форумға қатысушылар 2060 жылға дейін көмірден бас тарту жолдарын да сөз етті. Бұл Қазақстанның алға қойған міндеті. Париж келісіміне сәйкес біздің ел шығарындылар көлемін 2030 жылға дейін 15 пайызға төмендетуі керек. Ал энергияны үнемдейтін саясат - көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің негізгі құралы. Сарапшылардың айтуынша, энергия тиімділігі идеологиясы 50 жыл бұрын, 1973-1979 жылдардағы мұнай дағдарысы кезінде пайда болған. Алайда, көміртегіне тәуелділіктен толық арылу мүмкін болмай отыр. Себебі бұл энергия өндірудің арзан жолы.

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы бірнеше ғимаратқа тексеру жүргізіп көрген. Нәтижесінде ғимараттарды жылыту шығындарын 25 пайызға үнемдеуге болатынын анықтады. Ендігі мәселе энергия үнемдейтін ғимараттардың меншік иелеріне мемлекеттік қолдау қажет. Бізде ол жоқ. Сондай-ақ, мемлекеттік компаниялар жоғары энергия тиімділігі бар ғимараттарға орналасуы керек дейді сарапшылар. Құрылыс компаниялары болса жылу ұстайтын құрылыс материалдарын қолданып, энергия үнемдейтін әйнектер орнатып жатыр. Бірақ мұның бәрі қымбатқа түседі де, соңында тұтынушының қалтасы қағылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.