Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Енді Орал қаласында "Қазақстанда жасалған" өнімдердің жәрмеңкесі әр апта сайын өтетін болады

c 00:00, 20/02/2015 c 701

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мәлімдеп отыр. Қалалық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылған жәрмеңкеде азық-түліктер бағасы базардан 10-15 % төмен болатын көрінеді. Сондай-ақ көтерме және бөлшектік бағамен сатып алушылардың базар аймағына кіргені үшін ақы алынбайды. Қазақстанда жасалған өнімдердің жәрмеңкесі Қазақстан бойынша алғашқы рет біздің облыста қолға алынып отыр. Бұның бәрі елбасының Отандық өнімді қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған шара. Экономикалық дағдарысқа дес бермес үшін корпорация мамандары жергілікті өнімді сатып алып, еліміздің дамуына тікелей қолғабыс беруге шақырады. Себебі шетелдік азық-түлікке төленген ақша өзге елдің бюджетіне барып түсетіні белгілі. Жәрмеңке "Ел ырысы" коммуналдық базарында өтеді. Осыннан ет, балық, жұмыртқа, көкөністер мен жеміс-жидектерді базар бағасынан 10-15% төмен бағамен сатып алуға болады. Бұл орайда қала тұрғындарының да пікірін білген едік. Дағдарыс кезінде бағаның өсуі әбден мүмкін. Осы жағдайды ескерген билік басындағылар бірлесе отырып тұрақтандыру қорын құрған болатын. Тұрақтандыру қорындағы өнімдер баға өскен жағдайда ғана сөрелерге шығарылады. Ал, жәрмеңке ақпан айының 21- жұлдызынан бастап әр сенбі сайын оздырылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.