Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЕҢБЕК МИНИСТРІНІҢ АРМАНЫ»

c 10:06, 27/10/2021 c 1124

0:00 / 0:00

Алдағы бес жылда әрбір қызметкер жаңа мамандыққа оқуға мәжбүр болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов Үкімет отырысында пандемия мен демографиялық ахуал еңбек нарығына жаңа талаптар қойып отырғанын. Ең алдымен, бұл жұмыс күшіне қойылатын талаптарды өзгертетінін айтты. Сондай-ақ, үкімет биыл 1 миллионнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылады деген таудай уәдесін алға тарты. Ресми мәліметке сүйенсек, елде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды.

Мамин үкіметінің ресми дерегіне сүйенсек, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды. Бұл орайда өзін-өзі қамтығандар жұмыссыз тізіміне крімей отырғаны мәлім. Сол себепті, елде екі қолға бір күрек таба алмай, жұмыс іздеп жүргендер саны екі есеге артық десек болады. Ал қауіпті індеттің таралуы, карантиндік шектеулер талай жанды табысынан айырғаны мәлім. Дегенмен, еңбек министрінің ұрандаған баяндамасында осы жылдың соңына дейін 1 миллионнан астам адам жұмысбасты болып шыға келмек. Ал жылдың аяқталуына екі айға ғана уақыт қалды.

Министрлер кабинеті қазір экономиканың барлық саласы қалыпқа келіп жатқанына сенімді. Осының арқасында жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермейміз деп отыр. Айта кету керек, жұмыспен қамтуда көп жағдайда уақытша жұмыстар ұсынылады. Ал тұрақты еңбек орнын ашу үшін біраз тер төгуге тура келеді. Үкімет басшысы Мамин мырза биыл жоқ дегенде 440 мың жұмыс орны құрылуы керек деп отыр. Сондай-ақ, билік ұлттық жоспарлар қабылдап жатқаны мәлім. 2025 жылға дейін елде жұмыссыздық статистикасы тіптен гүлденетін сияқты.

Алдағы бес жылда еңбек нарығында жүрген қазақстандықтарға жаңа мамандыққа қайта оқуға тура келеді. Себебі, заманның ағысы, пандемия мен демографиялық ахуал еңбек нарығына жаңа талаптар қойып отыр. Еңбек министрі атап өткендей, өнеркәсіп саласында кадрлар қартайып жатыр.

Үкіметтегілердің үмітке толы, әдемі жоспарлары мен оптимисті болжамдарына сенсек, елдің әл-ауқаты жақсарады. Тек жоғарыда айтылған сандық көрсеткіштер еңбек министрінің арманына айналмаса болғаны.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.