Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ең ірі жылыжай өнім берді

c 17:19, 26/10/2021 c 1006

0:00 / 0:00

Оралдағы ең ірі топырақсыз көкөніс өсірілетін жылыжайда өнім жиналды. Аймақта жүзеге асып жатырған еліміздегі ең ірі жылыжай кешендерінің бірі Нидерландтық технология бойынша жұмыс істейді. 150 адамды жұмыспен қамтыған шаруашылық жылына 7,3 тонна көкөніс өсіруге мүмкіндік береді. Жылыжай кешені Бәйтерек ауданы Новенький ауылы маңында бой көтерген. Нидерландтық технология қолданылатын кешеннің жалпы аумағы 11 гектардан асады. Жылыжайдың іші кең, жарық, жылы, әрі даладағы суықты ішке өткізбейтін құрылыс материалдарынан салынған. Осыдан екі ай бұрын қызанақ тұқымы егілген еді. Қазір жылыжайда өнім жиналуда. Бір ерекшелігі-қияр мен қызанақ гидропоника тәсілімен, яғни топырақсыз жұмсақ мақта сынды материалда өсіріледі. Көкөніс өнімдері бүгіннің өзінде өз елімізден бөлек Ресейдің көршілес облыстарына сатылуда. Жергілікті өнімнің бағасы импорттық көкөністерге қарағанда арзан ,- деп сендірді компания өкілдері. Голландия технологиясы жылына 7,3 тонна көкөніс өсіруге мүмкіндік береді. Әйнекпен жабылған кешен толық қуатпен жұмысқа кіріскен.Кешен құрылысына 8,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Жобалық қуаттылығы жылына 4,5 мың тонна қияр мен 3,5 мың тонна қызанақ өсіруге қауқарлы. Голландиялықтар тұқым мен тыңайтқыштарды жеткізген. Топырақсыз жылыжай кешенінде жыл бойы көкөніс өсіріледі.Бұл жылыжайдан шығарылатын өнімдер еуропалық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Өңірде жалпы аумағы 7 гектардай 97 жылыжай бар. Осы нысандардан бір маусымда алынған өнім 400 тоннаны құрайды. Десе де, бұл 650 мың тұрғыны бар өңір үшін жеткіліксіз. Дәл қазір сатылымдағы қияр-қызанақтың дені Ташкент пен көршілес Ресей аймақтарынан әкелінеді. Ішкі нарықты маусымаралық ерте пісетін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін облыста жалпы ауданы 142 мың шаршы метрлік 96 фермерлік жылыжай бар. Биылғы жылы бірінші дақыл айналымында отырғызылған қияр және қызынақтан 6146 тонна өнім алынған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 15 есеге көп.
Өңір тұрғындарын маусымаралық кезеңде жаңа піскен көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін облыста өндірістік жылыжай кешендерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда Теректі ауданы, Пойма станциясындағы индустриалдық аймақ аумағында 55 га алаңға жылыжай кешенін салу жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта «Ақжайық» ӘКК» АҚ мен инвестор арасында бірлескен қызмет туралы шарт жасалуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.