Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Емханаға тіркеу жалғасып жатыр

c 16:51, 28/09/2018 c 580

0:00 / 0:00

Облыс көлемінде 15-ші қыркүйектен 15-ші қараша аралығында емханаға тіркеу науқаны жалғасады. Бұл науқан міндетті әлеуметтік медициналық көмектің аясында жүзеге асуда. Сала мамандарының келтірген дерегіне сүйенсек, былтырғы жылы 5700-ден астам азамат өз құқығы бойынша емхананы таңдаған. 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, барлық азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ем-дом шараларын алатын болады.

Сала мамандары емхана таңдаған азаматтарға мынандай кеңестерін айтып берді. Яғни, сіз таңдаған емхана үйіңізден 15-20 минуттық қашықтық жерде орналасуы керек екен. Науқастың жағдайы нашарлаған кезде дәрігер осы аралықтың ішінде үйіңізге барып, көмек көрсетуі абзал деседі. Сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың аясында емханадағы кезекті азайту да көзделіп отыр. Мысалы, қазіргі таңда, әрбір учаскелік дәрігер 2000-ға жуық науқасты қабылдайды екен. Сала мамандары бұл цифраны 1700-ге дейін төмендетуді көздеп отыр. Тілшілермен болған баспасөз мәслихаты барысында облыс көлемінде 200-ге тарта дәрігердің тапшылығы айтылды.

Азаматтарға қаралып жүрген емханасы ұнамаса, емхананы ауыстыра алады. Емханаға ауысу үшін аяқтай емдеу нысанына барып, арнайы өтініш жазуға болады. Сондай-ақ, егов порталы арқылы электронды түрде арыз бере алатын мүмкіндікке ие.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.