Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елордадағы ахуал

c 23:45, 07/07/2020 c 506

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтанда күн сайын 300 –ге жуық науқас өкпенің қабынуымен ауруханаға түсіп жатыр. Ал қалада  коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 5984 адамды құрады,3248 науқас  жызылып шықса, 63 адам көз жұмды. Бұл жайында елорда әкімі Алтай Көлгінов пен  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова  онлайн брифинг барысында айтты.  Әкімдік науқастар санының күрт артуына байланысты ауруханаларда қосымша орындар дайындап жатыр. Жағдай тұрақталмаса әкімдік қаладағы оқу орындарының жатақханаларын да науқастарды қабылдауға жабдықтамақ.

Өкінішке орай еліміздің бас қаласында эпидемиологяилық ахуал өршіп тұр. Елорда қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны бойынша алдыңғы орында. Нұр-Сұлтанда індет жұқтырғандардың жалпы  саны 5984 адамды құрады,3248 науқас  жызылып шықса, 63 адам көз жұмды. Әкім  Алтай Көлгінов қалада коронавирусқа байланысты ахуал өршіген жағдайға қосымша мыңға жуық орын дайындалып жатыр дейді. Әкімдік бұған елордадағы жоғарығ оқу орындарының жатақханаларын алмақ.

Сондай-ақ қосымша 200 жасанды тыныс алдыру аппараты мен оттегі концентратына арналған құрылғы - 500-дей флоуметр мен қосымша екі компьютер томографиясы алынып жатыр деп мәлімдеді әкім. Нұр-Сұлтанда короанвирустың өршуі аздай, өкпесі қабынған науқастар саны да күн сайын артып жатыр. Тек маусым айында қала ауруханаларына 1700 адам түсті.

Сәуле Қисықова – Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы "Нұр-сұлтан қаласы бойынша маусымда пневмониямен ауыратын науқастар 2,2 есе көп тіркелген. Күн сайын 200-ге жуық, соңғы күндері 300 науқас өкпесі қабынып,  ауруханаға жатқызылып жатыр".

Қисықованың айтуынша, пневмониямен ауырып жатқандардың қаншамасы үйінде ем алуда.  Денсаулық сақтау басқармасы басшысы коронавирусты анықтауға арналған тесті еш қиындықсыз қаладағы 8 зертханада алдын- ала жызылып тапсыруға болады деп сендіреді. Бүгінде барлық зертхана жұмыс істеп тұр  - дейді ол.  Алайда, нұр-сұлтандықтар  птр тесті тапсыратын жерлердің жұмыс істемей тұрғанын айтып шағымдануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.