Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛОРДАДА НАУҚАСТАР САНЫ АЗАЮДА

c 10:20, 06/09/2021 c 568

0:00 / 0:00

Елордада ковид инвециясын жұқтырғандар саны төмендеді.  Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева,  10 күн бойы күніне жұқтырғандар саны 650-ден аспайды, ал соңғы аптада орташа тәуліктік тіркеу 470-ті құрады деп отыр. Яғни тамыз айында ауру деңгейі шілдемен салыстырғанда 21 пайызға төмендеп отыр. Аптасына сырқаттанушылықтың төмендеу қарқыны 25-тен 31 пайызға дейін сақталады. Ал соңғы аптада сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда өткен аптамен салыстырғанда 31 пайызға төмен болды. Шахардағы уақытша ашылған  коронавирусты емдейтін стационарлар жабылып жатыр. Дегенмен Нұр-Сұлтан әлі де қызыл аймақта тұр.

Күнделікті статистикаға көз жүгіртсек, аймақтарда қауіпті індетті жұқтырғандар саны азая бастағанын көруге болады. Нұр-Сұлтанда эпид жағдай тұрақталуда. Күн сайын ковид жұқтырған науқастар саны төмендеп, провизорлық орталықтар жабылып жатыр. Шахардағы инфекциялық стационарлардың жүктемесі 41%-ды құрайды. Бұл тамыз айымен салыстырғанда екі есеге аз.

Дәрігерлер ковид бойынша жедел-жәрдемді шақыртушылар саны жазда тәулігіне 4 мыңды құраса, қазір 2400 –ге түсті деп отыр. Індет өршіген жаз айларында елордада 18 провизорлық орталық жұмыс істеп тұрды. Қазір уақытша ашылған стационарлар жабылып жатыр.

Бүгінде елорда бойынша ковидке қарсы вакцинаның бірінші компонентін 407 мың адам алды, яғни екпе алуы тиіс адамдардың 63 пайызы қамтылған. Дегенмен ковидтің беті қайтты  деп, қуануға әлі ерте дейді дәрігерлер. Ел астанасы әлі де қызыл аймақта тұр. Демалыс күндері қоғамдық орындарға барам деушілерге ASHYQ-пен тек жасыл мәртебесі барлар ғана өте алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.