Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елорда тіршілігі

c 08:00, 25/04/2020 c 367

0:00 / 0:00

Елде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 2300 адамнан асты. Жазылып шыққандар 560-ң үстінде. Өкінішке орай, коронавирустан көз жұмғандар саны 25-ке жетті. Нұр-Сұлтан қаласындағы жағдайға тоқталсақ,бүгін елордада  бір адам қайтыс болды. Вирус жұқтырған  науқастар саны 430-дан асса,  207 адам жазылып шықты. 3 адам қайтыс болды. Бұл жайында, бүгін өткен онлайн брифингте қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен хабарлады. Әкімнің орынбасары карантин барысындағы шахардың тыныс-тіршілігі  жайында  баяндаған еді.

Онлайн баспасөз маслихатын өтетін алаңға келген Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, елордада тағы бір адам  қайтыс болғанын хабарлады. Бүгін таңертең коронавирустан қайтыс болған   65 жастағы әйел Ресей азаматы екен. Сәуірдің 15 күні  жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Жағдайы ауруханаға түскен кезден бастап ауырлаған.Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған. Марқұмда  екіжақты өкпенің қабынуы болған, қант диабетімен ауырған.

Алайда интенсивті терапияға қарамастан, науқаста полигорганды жетіспеушілік белгілері өршігені байқалып, жүрегі тоқтады.

Бүгінгі күні елорда  қауіпті індетті жұқтырғандар саны бойынша  Алматы қаласынан кейін екінші орында тұр. Қалада жалпы 430 аса вирус жұқтырған науқас тіркелді.  255 науқас стационарларда жатыр, 207 адам емделіп шықты, үй карантинінде 2 400 жуық адам бар. Өкінішке орай Нұр-Сұлтанда карантин кезінде санитарлық норма талаптарын бұзған 15 кәсіпкерлік нысанның жұмысы тоқтатылды. Кейбір азық-түлік сататын ірі сауда орындарында бағаны негізсіз шарықтатып жіберген деректер тіркеліп, супермаркеттің басшылары әкімшілік жазаға тартылды.

Айта кету керек, сәуірдің 20-нан бастап шахарда өнеркәсіптік әрі индустриалдық кәсіпорындардың жұмысы жанданды. Ал  құрылыста 500-ден аса нысан жұмысын бастады. Жалпы елордада 80 мың адам жұмысқа шықты. Енді әкімдік  карантин барысында тағы да бірқатар бизнес субьектілерінің жұмысын жандандыруды қолға алмақ. Ол үшін мемлекеттік комиссияға  ұсыныс енгіземіз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.