Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елмен бірге еңсерген 30 жыл

c 17:25, 31/01/2022 c 567

0:00 / 0:00

Бүгін "Серік" өндірістік жабдықтау кәсіпорны" ЖШС-не 30 жыл! Сан жылдар бойы дамудың даңғыл жолын артқа тастап келген БҚО-дағы ең ірі компания үлкен жетістіктерді еңсерген тәуелсіздіктің төл құрдасы. Осыдан 30 жыл бұрын шағын ғана дүкен ретінде жұмысын бастаған кәсіпорын өңір үшін маңызды жобаларды жүзеге асырып, экономиканың дамуына да орасан зор үлес қосуда.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстанда жүздеген кәсіпорындар ашыла бастады. Экономикасы баяу дамып, халық жұмыссыз отырған сол кездері кәсіп ашу оңай болмағаны сөзсіз. Бизнеске бастау болатын капиталдың жоқтығы, қолма-қол ақша айналымы аз алмағайып уақыт болатын. Сол жылдары ашылған жеке кәсіпкерліктердің көбі қиындықтарға шыдас бере алмай кейін жабылып жатты. Алайда тәуелсіздіктің 30 жылында барлық сын сәттерді елмен бірге еңсеріп, ұжымын сақтап қала білген компаниялар да көп. Солардың бірі-«Серік» ӨЖК»  Кәсіпорын 30 жыл бойы аймақтың экономикасына пайда әкелетін және жетекші рөл атқаратын түрлі жобаларды жүзеге асырып, ашылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін көптеген нық, әрі шешуші қадамдар жасай білді. Бүгінде бизнес әлемінде ірі серіктестікке айналған компанияның тарихы сонау 1992 жылы Орал қаласындағы шағын ғана бір дүкен болып өз ісін бастаған болатын. 2000 жылдары «Серік "ӨЖК"» ЖШС Ақсай қаласында «Бестау» қонақ үйін салды. 1997 жылы жаңа құрылыс алаңдары пайда болып, кәсіпорын сапында қызмет ететін мамандардың саны мың адамнан асты. Орал, Ақсай және Ақтөбе қалаларында супермаркеттер желісі ашылды. Бұл ретте компания штрих код сияқты сол кездегі жаңа технологияларды қолдана бастады. 90-шы жылдардың соңында кәсіпорын нарықты өзіндік өнімімен қамтамасыз етуге бет бұрды.1998 жылы "Серік" ӨЖК" ЖШС жанынан дербес, жеке "ТДК-42" телеарнасы ашылды. Хабар тарату аумағы бір қаланы қамтып, өз жұмысын шағын студиядан бастаған телеарна кейін елордада алғашқы тілшілік қосынын ашты. Бүгінде арна филиалдары еліміздің 5 ірі аймағында ашылып, жұмыс жасауда. Телеарнаның аудиториясы кішігірім қаладан республикалық деңгейге дейін өсті. Күнделікті жаңалықтар мен жеке бағдарламалар эфирге шығып, патша көңіл көрермендердің сүйікті телеарнасы атанды. Озық идеяларды жүзеге асырып, тәуекелдіктен қорықпайтын компания уақыт өте нағыз бизнес-инкубаторға айналды. Жаңадан кәсіп ашам деушілерге жәрдем жасау үшін "Тату" шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы құрылды. Бұл әсіресе кәсіпкерлердің сауда орындарын жалға алып жұмыс жасауына оңтайлы жағдай туғызды.Ел қоржынына миллиардаған салық төлей отырып, халықты жұмыспен қамту, жаңа нысандарды жобалау өңірді дамытуға салынған инвестициялар. Осының барлығы бірлігі мен ауызбіршілігі жарасқан команда ұжымының іскерлігінің арқасында жүзеге асты. "Серік" ӨЖК" ЖШС-нің қоржынында уақыт сынағынан өткен, сапалы әрі болашағынан үміт күттірер көлемді жобалар көп. Кәсіпорынның халыққа тиген пайдасы облыс, ел деңгейінде жоғары бағаға ие.30 жыл ішінде "Серік" ӨЖК" ЖШС бірнеше рет ірі байқауларда лауреат атанып, республика алдында сіңірген еңбегі мен табысты қызметі үшін марапатталды. Облыс басшылығынан, сондай-ақ жоғарғы органдардан, Үкіметтен және шетелдік әріптестерден ордендер, медальдар, дипломдар, тағы да құрмет грамоталары мен алғыс белгілерін иеленді. Айрандай ұйыған кәсіпорын ең бірінші кезекті өзінің адал мамандарымен сыйлы. 200-ден астам адам 30 жыл бойы осы серіктестікте еңбек етіп, отбасын асырап отыр. Бұл бірінші кезекте компания басшылығының оларға оңтайлы жағдай жасауының арқасы екендігін ескерген жөн.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.