Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қоқысқа көміліп жатыр

c 08:47, 31/07/2019 c 788

0:00 / 0:00

Шаһарымыздағы Елизаров пен Құрманғазы көшелері қиылысының тұрғындары қоқыс мәселесімен бір емес, бірнеше мәрте ұшырасып отыр. Бір қызығы үйілген күл - қоқыс бос контейнерлердің қасында орын тепкен. Бұрындары тұрғындар, қоқыс толы контейнерлердің уақытылы алынбайтынын айтып, шағымданған болса, ал қазір, керісінше, бос контейнерді қойып, айналасында шашылып жатқан қоқыстарды жинастырудың орнына, тау-тау қылып үйіп әлек. Тұрғындардың айтуынша, көзге тұрпайы көрінген күл-қоқыс қасында үйсіз-күйсіз жүргендердің қарасы да аз емес көрінеді. Тіпті, топ-топ болып жиналған үйсіз кезбелер мектеп балаларының үрейін де қашырып үлгерген.

"Негізінен Орал қаласы жасыл, әрі таза қала.Мұндай көрініс қаламызға жат.Қасымен өтсең, жағымсыз иіс қолқаны қабады", - дейді қала тұрғыны Өмірбек Алмағамбетов.

Осы көріністен кейін көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершліке тартылған. Өйткені, газел жүргізушісі қоқысты контейнерге емес, жерге төгіп кеткен. . Құрманғазы мен Елизаров көшелерінің қиылысында қатты қалдықтарға арналған контейнерлер орнатылса да, қоқыс бірден жерге тасталған. Полиция жыл басынан бері қала тазалығына керіғар қылық көрсеткен 37 адамға әкімшілік хаттама толтырған көрінеді. Айыппұл мөлшері 1 миллион 700 мың теңгеден астам.

"Біз жүргізушіні анықтадық. Хаттама жасалды. ҚР ӘК 505 бабы бойынша 25,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп атап өтті Орал қаласының полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жантемір Иманалиев.

Иә, айналадағы тұрмыстық қалдықтардың көбеюіне себепші, бірінші кезекте - адами фактор екені даусыз. Осы жағдайды әр адам уақытылы ұғынса, мұндай жағдайдың туындамасы хақ.

"Қала аумағының бірнеше жерінде  осындай мәселелер бары жасырын емес. Десек те, Елизаров пен Құрманғазы көшелерінің қиылысы уақытыл тазартылып тұрады. Өйткен, бұл аумақ- базар маңы болғандықтан, жағдай үнемі біздің назарда" , - дейді Орал Таза Сервис ЖШС-нің бөлім басшысы Жасулан Ешмұхамбетов.

Жоғарыда біз айтқан Елизаров пен Құрманғазы көшелерінің қиылысы орталық базар маңына жақын. Соған қарамастан, жауаптылармен тұрмыстық қалдықтардың алынуы тәуілігіне 2 мәрте жүргізіліп келетінін айтады. Осы ретте, сала мамандары тұрмыстық қалдықтарды контейнер маңына лақтырғандарды айыппұл салумен тәртіпке келтірмек.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.