Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елімізде короновирус тіркелді

c 17:01, 13/03/2020 c 800

0:00 / 0:00

Тұрғындардың қорғаныш имунитетін көтеру бағытында барлық шаралар қолға алынуда.  Санитарлар болса  дүрлігіп жатқан халықты сабырға шақырады. Дәріханалардағы медициналық маскалардың тапшылығы тек қана өңірге емес еліміздің барлық аймақтарына тән мәселе болып отыр. Өйткені, медициналық маска өндіретін фармацевтикалық кәсіпорныдар саусақпен санарлық. Дайындалған өнім ел тұрғындарын толықтай қамтамасыз ете алмай отыр. Оның үстіне қорғаныш құралына сұраныс нақ осы сәттегідей болмаған. Ал, санитарлар болса дәл осы жағдайды құлқының қамы үшін пайдалынып отырғандардың бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Яғни біреуге мал, біреуға жан қайғы. Дәріхана кіреберістерінде медициналық масканың жоқ екені туралы хабарлама ілініп тұр.Сақтансаң сақтармын демекші, облыста науқастарды оқшаулайтын арнайы орындар дайындала бастады.  Солардың бірі Теректі ауданындағы Ақжайық шипажайы.  Осыған алаңдаған жұрт жергілікті дәрігерлердің қауіпті кеселге қарсы тұра алмайтынын айтуда. Көңілі күпті тұрғындармен кездескен шенеуніктер карантинге шетелден келген облыс тұрғындары жатқызылады деп, сабырға шақыруда.Бұл тек дайындық жұмыстары деп сендірді шенуніктер.  Яғни, шетелді шарлап келген азаматтар 14 күнге карантинге жатқызылады. Ал олардан ауру белгілері байқалса, бірден Оралдағы инфекциялық ауруханаға алып кетеміз деп отыр. «Бірақ кез келген жағдайға дайын болу үшін ауыл-аймақтағы ауруханалардан орын дайындап қою міндетіміз», - дейді сала мамандары. Облыста індет жұқтырған азаматтар тіркелмеген. Бірақ желтоқсан айынан бері 100-ден астам тұрғын карантиннен өткен екен. Ал қазір шет ел аумағыннан келген 50 батысқазақстандық үй жағдайында оқшауланған. Күн санап күдікке іліккендер қатары азайып келеді,- дейді дәрігерлер.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.