Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Электр желілерінің 82 пайызы тозған

c 15:10, 31/01/2022 c 391

БҚО-да электр желілерінің басым көпшілігінің тозығы жеткен. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 82 пайызды құрап отыр. Облыста электр желілерінің ұзындығы 20 мың шақырымды құраса, оның 16 мың шақырымның жағдайы сын көтермейді. Аймақтағы электр желілерінің проблемасы түрлі деңгейде айтылып жүр.

Жалпы БҚО-да электер желілерінің ұзындығы 20 мың шақырымнан асып жығылады. Осы желілердің 16 мың шақырымның тозығы жеткен. Жарық әсіресе облыс орталығынан шалғай орналасқан Жаңақала, Жәнібек ауданындарында жиі сөнеді. Шалғай ауылдардан өзге облыс орталығының іргесінде орналасқан елдімекендерде де жарықсыз отыратын кездер жиі болады. Сала мамандары биыл осы тозығы жеткен желілерді жөндеу үшін 707 млн теңгедей қаражат бөлінгенін айтады.

Жыл басталғалы жоспардың 5 пайызы орындалыпты. Қаңтар айында Бөрлі ауданында бағаналар алмастырылған. Өткен жылдың қазанында электр энергиясын жеткізуші компания облыстық әкімдік қарамағанына өтті. Күні бүгінге дейін әкімдік 500 млн. теңгеге 16 бірлік техника сатып алуға мұрындық болыпты. Үкімет 2000 шақырым тозығы жеткен бағана мен желіні алмастыруды көздеп отыр.

Сала мамандары барлық тозығы жеткен желілерді алмастыруды 5-10 жылда атқаруға болатынын айтады. Күні бүгінгі есеп бойынша желілерді жаңасына алмастыру үшін 160 млрд. теңгедей қаражат керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.