Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛДЕГІ КӘРІЗДІК-ТАЗАРТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ 60 % ТОЗҒАН

c 09:18, 28/12/2022 c 173

0:00 / 0:00

Елдегі кәріздік-тазарту орталықтарының тозу деңгейі 60 пайыздан асып кеткен. Бұл мәселе бүгін өткен үкіметтің осы жылдағы соңғы отырысында талқыланды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 27 қалада кәріздік-тазарту орталықтары атымен жоқ дейді.

Республика бойынша 89 қаланың 27-сінде кәріздік-тазарту ғимараттары атымен жоқ. 41 қалада кәріздік-тазарту ғимараттары 60 пайызға тозған. Индустрия министрінің айтуынша, алдағы бес жылда қажетті ғимараттарды салу қолға алынбақ. Оған қомақты қаржы қажет.

Тіпті ірі қалалардағы кәріздік жүйелер өткен ғасырдың 50-70 жылдарында салынған. Бүгінде әбден ескірген.

Премьер Смайылов Индустрия министрлігіне өңір әкімдерімен бірлесіп, 1 айда әрбір жобаны іске асыру кестесін бекітуді тапсырды. Сондай-ақ, кәріздік-тазарту қалдықтарын қайта өңдеу мәселесіне де назар аудару қажеттігін айтты. Дамыған елдерде қалдықтардан электр энергиясын, биогазды және тыңайтқыштарды алу технологиялары көптен қолданылып келеді. Үкімет басшысы қазақстандық шенеуніктерге де осы тәсілді енгізуге кеңес берді. Бұл шаруаны индустрия мен экология министрліктері шешуі керек. Екі айда зерттеп, өз ұсыныстарын ензуі қажет. Отырыс соңында жылды қортындылаған Әлихан Смайылов министрлер кабинетіне келесі жыл оңай болмайтынын айтып, ескертті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.