Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елбасы жолдауы талқыланды

c 11:10, 25/01/2018 c 655

0:00 / 0:00

Қала әкімінің тізгіндеуімен өткен алқалы жиынға шаһар активі мен мемлекеттік мекеме өкілдері көптеп жиналды. Алғашқы сөзді алған қала басшысы Елбасы жолдауында тапсырылған 10 міндеттің «Смарт Сити» тұжырымдамасына басымдылық берді. Оның айтуынша, шаһарда бұл жоба аясында 3 мың бейнебақылау камералары орнатылған. Осы камералар нәтижесінде былтыр 14 мыңнан аста әкімшілік құқықбұзушылықтың алды кесіліп, 82 қылмыс анықталған. Осылайша қылмыс саны 5 пайызға төмендеп отыр. Цифрлы технологиялар заманында білім мен тәрбиенің маңызы мүлдем ерекше. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болмақ. Бұл тапсырмалар мен міндеттерді қала мұғалімдері де қолдап отыр. Айта кетелік, келер жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының кей пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталмақ. Нәтижесінде, барлық түлектер елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.