Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"7-20-25" бағдарламасы аясында 3000 пәтер азаматтарға табысталмақ

c 11:15, 08/10/2018 c 872

0:00 / 0:00

"7-20-25" бағдарламасының аясында өңірімізде 3000 отбасы жаңа қонысқа ие болмақ. Бұл туралы облыс әкімі актив жиналысында мәлімдеді. Жиналыс барысында Елбасының бесінші қазанда жүктеген жаңа жолдауы талқыланған еді. Елбасының жолдауы Ақ жайық өлкесінде қалай жүзеге асады?

Елбасы қазанның бесінші жұлдызында қазақстандықтарға жаңа жолдауды жүктеген еді. Бұл жолдау азаматтардың арасында үлкен қолдауға ие болып отыр. Ел президенті тоқталған ең маңызды мәселе ол азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Елбасы жүктеген тапсырманы орындау барысында 3000 батысқазақстандық "7-20-25" бағдарламасының аясында жаңа қонысқа қол жеткізбек. Бұл жұмыстар биылғы жылы және келер жылы өз жалғасын таппақ. Биылғы жылы облыс орталығында жаңадан салынған көп қабатты тұрғын үй осы бағдарлама арқылы пайдалануға берілген болатын.

Елбасы биылғы жолдауында ұстаздардың мәртебесі туралы заң жобасын қабылдауға үкіметке тапсырма жүктеген еді. Президенттің өзі мұғалімдер қағазбастылықтан айырылып, балаға сабақ беруі тиіс деп ұстаздардың сабаққа дайындалуына ешкімнің кедергі болмауын қадап айтқан болатын. Облыс активінде оралдық ұстаздардың атынан сөйлеген Тамара Рудич есімді педагог өңіріміздегі білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстарды ортаға салды.

"Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі. Табыс пен тұрмыс саласын арттыру" атты жолдауда инфраструктураның дамуына ерекше көңіл бөлінген еді. Елбасы өзінің тапсырмасында жолдардың жөнделуі де назардан тыс қалдырмады. Облыс әкімі президент тапсырмасына сәйкес, Орал -Тасқала-Ресейді жалғайтын тас жолдың құрылысы аяқталып келе жатқандығымен келер жылы Бөкей Орда, Қазталов пен Жәнібек аудандарына баратын тас жолдың құрылысы келер жылы басталатынын айтып берді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.