Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ел іші - қарттармен қазыналы

c 18:07, 01/10/2019 c 669

0:00 / 0:00

Жүрекке жылуылық сыйлаған мерекеге жиналған Орал қаласының соғыс және еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері және қаланың дамуына еңбектері сіңген ата-апаларымыз елеп-ескеріп жатқан ел ағаларына дәр риза. Шараны Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков құттықтау сөзімен ашып, ел жолында аянбай еңбек еткен аға буын өкілдерінің дендеріне саулық тіледі.

«Араздасып ағайын кетер еді, бір қария болмаса бір ауылда»,- демекші, қазыналы қарттарымыз қашан да татулық пен парасаттылықтың, даналықтың нышанына айналғалы қашан. Оларға көрсетілер ізет пен лайықты сый-құрмет ешқашан аласармақ емес. Осындай көнекөз қарияларымыз Орал қаласы бойынша 46 мыңның үстінде. Сұм майданда өшпес ерлік көрсеткен 60-тың үстінде ҰОС-ның ардагерлері бар болса, соғыс балалары болып танылған тыл ардагерлерінің саны -4600-ді құрайды.

Қазан айы - қайырымдылық пен ізгілікке толы кезең. Өңіріміздің Ақжол партиясы да қарттар мен мүгедектер үйінде болып, қаржылай қолдау көрсетіп келді. Партияның ақ самайлы қарияларды қолдауда атқарытып жатқан бастамалары мұнымен шектелмек емес.

Облыс басшысы атап өткендей, бұл күн 1995 жылдан бері аталып өтілуде, бұл ардагерлерге көрсетіліп отырған құрмет пен қошеметтің бір белгісі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.