Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Экс- полицейге үкім шықты

c 17:27, 11/03/2020 c 468

0:00 / 0:00

Орал қаласында 4 баланың анасын қағып кеткен экс-полицияға қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық істі қараған Орал қалалық қылмыстық соты бұрынғы тәртіп сақшысын айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімді оқыды. Бұдан бөлек полиция департаментіне арнайы қаулы шығарылды. Сот отырысына қытысып келген арна тілшісі тақырыпты тарқатсын.
Орал қалалық қылмыстық сотының судясы Айжан Мырзалы 4 баланың анасын қағып кеткен Медет Рахадиловке қатысты үкімді оқыды. Бірнеше айға созылған қылмыстық істі қараған судья Медет Рахадиловті айыпты деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Медет Рахадилов 2019 жылдың 7 желтоқсанында Жәңгір хан көшесінде әйел адамды қағып кетіп, зардап шегуші жарақаттан аурухана төсегінде көз жұмған болатын. Марқұмның артында 4 баласы жетім қалды. Үкімді естіген әйелдің туыстары мен жолдасы мұндай шешімді күтпегендерін айтты. Дәл қазір не ойларымды да, не айтарымды да білмей тұрмын,- деді төрт баланың әкесі Серік Бектұрғанов.
Әйелдің өліміне себепші болған экс-полицей Медет Рахадилов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Және 5 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Үкімді оқыған судья Айжан Мырзалы айыпталушыға үкім шығарарда ескі қолданыстағы заң жобасына сүйенгенін айтты. Себебі оқиға 2019 жылы болды. Баршаға мәлім, 2020 жылдың қаңтарынан бастап адам өліміне әкеліп соғатын жол апаттарына кінәлілерге қатысты жаза күшейтілген болатын. Бірақ бұл жолы судья шешімді ескі заң жобасына сүйеніп шығарғанын мәлімдеді .

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.