Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭКС-МИНИСТР ҰСТАЛДЫ

c 15:00, 13/11/2023 c 34

0:00 / 0:00

Бейсенбінің кешінде Астананың сол жағалауындағы мейрамханалардың бірінде қайғылы жағдай орын алды. Астана полция департаментінің хабарлауныша, қарашаның 9-ы күні мейрамханада орын алған жанжалдан кейін әйел адам қайтыс болды. Марқұм алған ауыр жарақат салдарынан көз жұмған. Жедел жәрдем жеткенше қайтыс болып кетті. Елорда полициясы болған оқиғаны растағанымен, марқұмның өліміне кінәлі күдіктінің аты-жөнін атамады. Күдікті қамауға алынып, тиісті сараптамалар тағайындалған. Бірақ көпке ұзамай әлеуметтік желілерде, БАҚ-да экс-министр Қуандық Бишімбаев елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып, өлтірді деген ақпарат бұрқ ете қалды. Ішкі істер министрінің орынбасары Сәрсенов мырза бұл ақпаратты жоққа шығармады.

СӘКЕН СӘРСЕНОВ – ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Ол ұсталды. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Қалғанына қатысты түсінік бере алмаймын. Жұмыс барысында сізге қосымша ақпарат беріледі»

Ал бүгін кешке таман елорданың полиция департаменті Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйел адамның өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сенат төрағасы мұндай қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейту керек деген пікірімен бөлісті.

Еске сала кетейік, әйелінің өліміне күдікті деп танылып отырған Қуандық Бишімбаев ұлттық экономика министрі болғанды. 2018 жыл Бишімбаев 10 жылға сотталғанды. Ол сотпен Қызылорда қаласында салынуы тиіс шыны зауытына бөлінген 1 млрд теңгені жымқырды, пара алды деген баптар бойынша кінәлі деп танылды. Бишімбаевпен бірге топ-менеджерлері мен кәсіпкерлер, барлығы 22 адамға айып тағылғанды. Алайда, 10 жылға сотталған экс-министр 2019 жылдың қарашасында түрмеден босап шықты. Осылайша бостандықта жүргеніне 4 жыл толғанда Қуандық Бишімбаев тағы да істі болып отыр. Отандық БАҚ-ң хабарлауынша, Қуандық Бишімбаевтың көз жұмған әйелі Салтанат Нүкенова Павлодар қаласының экс-әкімі – Қайрат Нүкеновтің жиені көрінеді. Марқұм астрологиямен айналысқан. Әлеуметтік желіде белсенді болған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.