Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭКС-МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІНЕ ТАҒЫ ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛДЫ?

c 14:16, 04/01 c 33

0:00 / 0:00

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы Арыстанбек Мұхамедиұлы мұрағат жұмысының тиімділігін арттыруға арналған қаражатты алдын ала ұйымдастырылған топпен талан-таражға салды деді. Осылайша үлестес компания мен келісім жасалған. 309 млн теңгеге ұлттық цифрлық киноколлекция құрылуы тиістін. Прокурордың айтуынша, Мұхамедиұлы келтірген шығын көлемі 167 млн теңгені құрайды. Оған қоса экс-министрді жекешелендіруге жататын мемлекет меншігінің тізімін жасады деп айыптап отыр. Оның ішінде жоғары спорт шеберлігі республикалық мектебі бар. Нысанның Алматы қаласында 4,9 гектарды құрайтын жері болған. Оны 662 млн теңгеге сатуға шығарған. Бірақ бұл сауда жүзеге аспады, ал құны екі есеге төмендеді. Бұдан соң мектеп сатып алынып, Арыстанбек Мұхамедиұлының туысына берілген.Бұдан соң прокурор экс-министрдің елордадағы қонақ үйді қалай иеленгенін айтты.

ОЛЖАС ҚАЙРОЛЛАЕВ - ПРОКУРОР «Дипломат» қонақ үйін Мұхамедиұлы 2020 жылдың қаңтарында қылмыстық жолмен иемденген.Қарымсақовқа ақшалай көмек көрсетемін деп берген 2,5 млрд теңгені қайтаруда Ақтерек ЖШС капиталының 71 пайыз акциясын иемденген.

Сондай-ақ экс-министрге киелі жерлерді цифрландыру шаралары кезінде қаржы жымқырды деген айып тағылды. Қымбат халықаралық шараның бейнесін жасау және шетелге қаражат аудару үшін Мұхамедиұлы қызмет көрсетуші ретінде Германия азаматын тартуға шешім қабылдады, дейді айыптаушы. Прокурордың айтуынша, мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген сома мен қызметтердің орташа нарықтық құны арасындағы айырмашылық 1 миллиард 493 миллион теңгені құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.