Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екпе дерттен сақтайды

c 17:09, 18/09/2018 c 600

0:00 / 0:00

Екпе егу - тұмаудан қорғанудың ең тиімді түрі. Екпе егу арқылы сіз өзіңізді және туыстарыңызды аурудан қорғап қана қоймай, айналаңызға жағымды әсермен де есте қаласыз. Грипп пен жіті риспиратуралық вирус инфекциясы өзгермелі. Сол себепті алда суық маусым келетіндіктен иммунитеті төмен топтағы жандар міндетті түрде ауруға қарсы екпе алып, саулығына мән бергені абзал. Бұл мақсатқа биыл 51 млн. нан аса қаражат бөлініпті. Осы орайда дәрігерлер халыққа балаларын инфекциялық аурулардан қорғану құқығынан айырмауға және олардың денсаулығын барлық қолжетімді әдістермен, оның ішінде вакцинациялаумен қамтамасыз етуге шақырды.
Тұмау - барлық жастағы ересектер мен балаларды зақымдайтын, ауыр вирусты жұқпалы ауру. Тұмау эпидемиясы жыл сайын, әсіресе жылдың салқын уақытында бой көтеріп отырады. Биыл да өткен жылдағыдай өңірде Н3-Н2 типтегі тұмау түрлері кездесуі ықтимал дейді сала мамандары.

ГҮЛНАР АБДРАХМАНОВА
БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Тұрғындарды аталмыш ауруға қарсы иммундау мәселесі жылдан жылға жақсарып келеді. Жалпы 2017-2018 жылдардағы эпидмаусымға РФ өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 60 мыңнан аса дозасы сатып алынды. Мемлекеттік бюджет есебінен вакцинациялаудан созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын, иммундық тапшылығы әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі жүкті әйелдер алады. Сондай-ақ жұмыс берушілер есебінен және адамдардың жеке қаражатынан егілетін болады»

Қазан,қараша,желтоқсан,қаңтар айларында А және В типті тұмау циркуляциясы жүреді деп болжануда.Осы себепті жалпы қала бойынша 60 мыңнан аса адам екпеленуге жоспарланған. Ал ақылы түрдегі екпенің құны 1240 теңгеден аспайды. Өткен жылы халықтың 67 пайызы тұмауға қарсы екпемен қамтамасыз етілген. Ескерете кететін бір жағдай бұл алдынғы жылдармен салыстырғанда бірнеше есеге көп.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.