Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екінші толқын бола ма ?

c 17:31, 02/09/2020 c 620

0:00 / 0:00

БҚО-да "COVID-19" вирусын жұқтырғандар саны 6752 құрады. Оның 3314 симптомды болса, ал 3438 симптомсыз. 94 адам індеттің құрбаны болды. Соңғы алты ай ішінде өңірде індетке қарсы күрес үшін қомақты қаражат жұмсалды. Соның арқасында өсім төмендеді. Жұқтырғандардың саны бойынша маусым айы жоғары деңгейді көрсеткен болатын. Ол кезде 4282 дерек тіркелген. Облыстық маслихатының сессиясында жаңа толқын болған жағдайда оған тосқауыл болу жолдары қарастырылды. Осы мақсатта бюджеттен 1,6 млрд теңге бөленді. Бүгінде тұмауға қарсы 67000 вакцина алынса, тағы 83000  дәрі-дәрмек алу жоспарланып отыр.
Облыста медициналық құрал-жабдықтар жеткілікті болғанымен, маман тапшылығы анық аңғарылады. Білікті де, білімді мамандардың аздығы айтылды. Осы мақсатта өзге аймақтардан 67 маман шақыртылды. Вируспен күрес кезінде 1214 дәрігер дертті жұқтырып, оқшауланған болатын. Жалпы ақ халатты абзал жандарға наурыз- шілде аралығында үстемақы ретінде 2 млрд теңге төленген.
Өңір басшысы короновирустың жаңа толқыны келген жағдайда барлық стационарды ашуға мүмкіндік болсын. Ең бастысы облыс тұрғындары сақтық шараларын сақтауы керек деп қадап айтты.
Індетпен күреске барша қоғам жұмыла бастады. Бүгінде еріктілер қала тұрғындары ортақ іске өз үлестерін қосып жүр. Олардың қатарында ауруханадағы ауыр жұмысты атқарып жүргендер де, дәрігерлердің ас-суын жеткізіп жүргендер де аз емес.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.