Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екі адам жол апатынан қайтыс болды

c 16:46, 24/01/2019 c 552

Қаратөбе ауданында жол апатынан екі адам көз жұмды. Аудандық ТЖ бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Мэлс Исқақовтың айтуынша, оқиға 19 қаңтар күні болған. "Сырым-Қаратөбе" жолының 87-шақырымында «Фольксваген» автокөлігі жол шетінде тұрған трактор тіркемесінің астына кіріп кеткен. Жол апаты салдарынан автокөлік ішіндегі адамдарды шығара алмай жатқаны жөнінде аудандық полиция бөлімінен сағат 21.10-да хабар түскен. «Оқиға орнына «УАЗ» автокөлігімен бес адам барып, «Фольксваген» автокөлігін тартып, шығарған. Төрт ер адамды жеңіл автокөлік ішінен шығарып алғанмен, біреуі оқиға орнында қайтыс болса, екіншісі 20 қаңтар күні аудандық ауруханада көз жұмды. Қалған екеуі облыстық ауруханаға жеткізілді, қазір жағдайлары жаман емес. Олардың бәрі де - Орал қаласының тұрғындары. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, Қаратөбе ауылынан 10 шақырым жерде болған жол апатынан төрт адам зардап шеккен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.