Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екі адам қаза болды

c 16:26, 18/12/2019 c 656

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді.Оқиға бүгін Бөрлі ауданы аумағында болан. Шамамен сағат 09.40-та Бөрлі-Ақсай жолында Пугачев ауылы тұсында жүргізуші «ВАЗ-21102» автокөлігімен «Лада Ларгуспен» көлігіне соқтығысқан. «Лада Ларгус» бұдан кейін қарсы бетке шығып кетіп, «Форд Галакси» автокөлігімен түйіскен, оның рулінде 42 жастағы ер адам болған.Оқиға салдарынан екі әйел адам қаза тапқан. Сонымен қатар кеше Сырым ауданы аумағында болған Жол-көлік оқиғасынан тоғыз адам зардап шеккен. Кеше сағат 13.15-те Сырым аудандық полиция бөліміне Жымпиты ауылынан 15-20 шақырым жерде Ақтөбе қаласына қарай бағыт алған авто машиналарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түскен.Нақтырақ тоқталсақ, Тайота Камри және КИА Соренто тұлпарлары соқтығысқан. Зардап шеккен тоғыз адам Сырым ауданының орталық ауруханасына жеткізілген. Олардың екеуікәмелетке толмаған жолаушы. Барлық зардап шеккен тұлғалар дәрігерлік тексерілуден өткізілуде. Қазіргі уақытта екі жол апаты бойынша ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.