Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағасы

c 10:01, 31/05/2021 c 327

0:00 / 0:00

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Қазақстандағы вакцина салу барысына жоғары баға берді. Сондай-ақ, ол QazVac екпесін қолдайтынын және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай кезінде пайдалануға болатын дәрі-дәрмектердің тізіміне қосу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін де айтты. Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысымен  видео конференция режимінде кездесу өткізгенді.

Ақорданың хабарлауынша ел Президенті мен ДДСҰ басышысының онлайн кездесуінде Қазақстандағы вакцина салдыру барысына, індетпен күреске жоғары баға берілді. Екі жақ әлемді жайлаған ақуіпті індетпен күрес жолдарын талқылады. Өз кезегінде қазақ бысшысы пандемия кезінде ДДСҰ елімізге көресткен  қолдауына ризашылық білдірді. Сондай-ақ, Қазақстанда вакцина салдыру көлемін арттырып, жыл соңына дейін жалпы  халықтың 55 пайызын қамту жоспарын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР президенті «Өзіңіз де білетін шығарсыз Қазақстанда 2 млн адамға екпе салынды. Біз жыл соңына дейін халықтың 55 пайызна вакцина салдыруды жоспарлап отырмыз. Біздің екпе салу науқаны сәтті жүріп жатыр. Әрине оған бақылау жүргізіп отырмыз. Бұл өте маңызды. Бұл біздің азаматтар үшін маңызды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы бұл жағдайда біздің әріптесіміз екенін айтамын».

ДДСҰ басшысының айтуынша, күзге дейін жер шарындағы халықтың 10 пайызына екпе жасау көзделіп отыр. Гебрейесус мырза бұл орайда Қазақстандағы екпе салдыру науқанына баға берді.

Тедрос Адханом Гебрейесус – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры «Сіздің жыл соңына дейін жалпы халықтың 55 пайызына вакцина садыру туралы амбициялық жоспарыңыз керемет. Екпемен 2 млн адамды қамтыпсыздар. Бұл жақсы көрсеткіш. Біз жер шарының 10 пайызына қыркүйек айына дейін екпе салдыруды жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін оны 30 пайызға жеткізсек деген ой бар. Вакцина салдыру керек ».

Қашықтан кездесуде  мемлекет басшысы қазақстандық ғалымдардың жасап шығарған QazVac вакцинасының клиникалық сынақтарының алдын ала нәтижелері туралы айтты. Қазақстандық  вакцинаның тиімділік деңгейі 96 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта салалық органдар отандық вакцинаға келісім алу үшін ДДСҰ-мен жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл орайда ДДСҰ –ң басшысы QazVac екпесінің әзірлемесін қолдайтынын айтты. Өз кезегінде  қазақстандық екпені  төтенше жағдай кезінде пайдалануға болатын дәрі-дәрмектердің тізіміне қосу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін де жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.