Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Доллар шарықтап, теңге құлдырауда

c 19:21, 09/04/2021 c 499

0:00 / 0:00

Доллар шырақтап, ұлттық валютамыз әлсіреп жатыр. Елдегі айырбасату пунктерінде доллардың құны қарқынды түрде қымбаттауда. Елордада бір долларды 434 теңгеден сатуда.  Ал экономистердің болжауынша доллар бағасы әлі де өсуі мүмкін.

АҚШ доллары тағы да күшіне енді. Ел астанасындағы айырбастау пунктеріндегі баға көңіл қоншытпайды. Бір доллар 434 теңгеден сатылып  жатыр. Қазақстандықтар теңгенің құнсызданып жатқан көріп, мұның соңы  қымбатшылыққа әкеліп соғатынын болжайды. Теңгенің алтын мен валюта шаққандағы құны құлдыраса, бұл девальвация деп аталады. Алайда, жасырын түрде жүріп жатқан девальвацияға қатысты үкімет тарапынан ресми түрде пікір айтылып жатқан жоқ.  Мұндай жағдайда теңге құнының төмендеуіне қатысты қандай да бір хабарландыру да айтылмайды.  Әрине девальвацияны бақылауда  ұстайтын  шаралар қабылданады. Доллар бағасын ұстау үшін валюталық интервенция жасалады.  Алайда,дәл  қазір бензин сияқты, валюта еркін айналымда.Яғни доллар бағасы бақыланып отырған жоқ.

Экономистердің болжауынша, АҚШ доллары 150 дейін қымбаттауы мүмкін.

Доллар құны шарықтаса, импортпен келетін тауарлар бірден қымбаттап кететіні сөзсіз. Мұның арты инфляцияға әкеліп тірейді. Ал инфляция өссе, ел экономикасына кері әсері тиеді. Қазақстан импортқа тәуелді ел болғандықтан, ең алдымен бұл халықтың қалтасына салмақ түсіреді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.