Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ДОЛЛАР ӘРІ ҚАРАЙ АРЗАНДАЙДЫ»

c 08:16, 30/03/2022 c 496

0:00 / 0:00

Еліміздің бас экономисі Әлібек Қуантыровтың болжамына сенсек, доллар әрі қарай арзандайды. Тиісінше, жыл бойынша төмен болады. Қазір бағам тұрақталып келеді, ревальвация басталды. Менің ойымша, оң өзгерістер болады, - дейді экономика министрі. Доллар шарықтаса, азық-түліктен бастап, қажеттіліктің бәрі қымбатттап шыға келетіні заңдылыққа айналған. Ендігі теңге әлсіреп, доллар 570-ге дейін жеткенде, баға да шарықтап шыға келді. Ал қазір доллар бағамы 430 теңгеге дейін арзандады.
Үкімет отырысынан соң журналистердің алдына шыққан ұлттық экономика министрі валюта нарығындағы жағдайға түсініктеме беріп, болжамын да айта кетті. Өздеріңізге мәлім, теңге әлсіреп, доллар 570-ге дейін жеткенде, баға да шарықтап шыға келді. Ал қазір доллар бағамы 430 теңгеге дейін арзандады. Бұл уақытша үрдіс пе, әлде доллар шынымен әлсірей бастады ма? Экономика министрі Әлібек Қуантыровтың пікірінше, доллар әрі қарай арзандайды. Қазір теңгенің нығаю үрдісі байқалады. Енді үкімет доллар бағамын қайта қарастырмақ. Министр жыл бойы доллар төмен болады. Қазір бағам тұрақталып келеді, ревальвация басталды, бұл оң өзгерістерге әкеледі деп сендіреді. Ал шикізатқа тәуелділігімізді назарға алсақ, мұнай нарығындағы жағдайда не күтіп тұр? Каспий құбыр желісі консорциумындағы апаттың салдары мұнай экспортына айтарлықтай кедергі тудыруда. Қазір құбырда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы екі-үш аптада жұмыс толығымен қалпына келуі тиіс деген үміт бар дейді шенеунік. Дегенмен, Үкіметтегілер біз мұнай бағасының жоғары болуы есебінен қосымша пайда табамыз деп отыр.

ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ "Мұнай барреліне 60 доллардан жоғары, бірақ 120 доллардан төмен болатыны анық. Болашаққа қорымыз болуы үшін, біз үнемі консервативті көзқараспен қараймыз. Егер баға бюджетте жоспарлағаннан жоғары болса, тиісінше бізге қосымша түсім түседі. Бұл болжамды асыра сілтеп, кейін аз түсім алғаннан әлдеқайда жақсы"

Ал доллар шарықтағанда азық-түлік бағасы да өсіп шыға келді. Оған қоса геосасяи жағдайға байланысты импорттық қысым бар. Инфляцияның өсуі де орын алуда. Дегенмен, бас экономист азық-түлік нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға, аталған қысымдарға тосқауыл қоятын құралдарымыз бар деп отыр. Оның сөзінен түсінгеніміз тағы да Ұлттық қорға ауыз салмақшы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.