Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дирижер Қ. Қажымовты ақтық сапарға шығарып салды

c 18:11, 24/05/2021 c 551

0:00 / 0:00

Ақжайық жұртшылығы ҚР Еңбек сіңірген қайреткері, дирижер Қырымгерей Қажымовпен қоштасты. Маэстро 75 жасында дүние салды. Қырымгерей Қажымұлы саналы ғұмырында елдің мәдениет саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосып, талай дүлүлді баптап, өнер додасына қосты.

Ақжайық жұртшылығы еліміздің Еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Қырымгерей Қажымовты ақтық сапарға шығарып салды. Атақты дирижер 75 жасында дүние салды. Марқұм бар ғұмырын мәдениет саласын дамытуға, шәкірт тәрбиелеуге арнады.

Қырымгерей Қажымовты соңғы сапарға шығарып салу үшін келген бұқараның қарасы қалың еді. Қаралы жиында марқұмның жора-жолдастары, өнердегі дос-жарандары, шәкірттері сөз салды. Барлығы бірдей Қырымгерей Қажымұлының қажырлы еңбегін, адамгершілігін тілге тиек етті.

Қырымгерей Қажымов 1946 жылы Теректі ауданына қарасты Тәнтен ауылында дүниеге келген. Ол алдымен Орал училищесінде оқып, кейін Құрманғазы атындағы консерваторияда білімін толықтырады. Марқұм 1991 жылы Орал музыка училищесінің директоры болып тағайындалады. 2000 жылы филармония жанынан облыстық халық аспаптар оркестрі құрылып, оған көркемдік жетекші, әрі бас дирижер ретінде жетекшілік еткен. Қырымгерей Қажымовтың өнегелі өмірі көпке үлгі болмақ! Марқұмның жанұясы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.