Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Диқандарға арналған қосымша енгізілді

c 11:34, 12/05/2021 c 412

0:00 / 0:00

«Қазгидромет»  фермерлер мен шаруа қожалықтарына агрометеорологиялық қызметтер көрсететін «AgroData» қосымшаны әзірлеп, іске қосты. Бұл экология министрінің тапсырмасын жүзеге асып отыр дейді ұйымдастырушылар. Қосымша диқандарға егіс науқаны кезінде егін егу барысын дұрыс жоспарлауға мүмкіндік бермек. Яғни ауа-райы болжамдарын осы қосымша арқылы бақылап отырып, шаруасын бастай алады. Мұндай қызметтің Орталық Азияда баламасы жоқ.

ІТ-технология диқандар үшін де таптырмайтын мүмкіндік болайын деп тұр. Егіс егу науқанында топырақтың ылғалдығын, құрғақшылық пен түсімділік, ауа-райының болжамдары жайында «AgroData» қосымшасынан мәлімет алып отыратын болады. Шаруалар мобильді құрылғысына осы қосымшаны енгізіп алса болғаны, бүкіл мәлімет қолында. «AgroData» қосымшасында жерді қашықтан зондтау көмегімен бақылау нәтижелері жарияланады. Спутниктік суреттер жазда егістіктердің жай-күйін, қыста қар жамылғысының таралуын көрсетеді. Осылайша шаруаларға егістіктерді  өңдеу күндерін, егіс және егін жинауды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.

Егіннің бүтін шығуы ауа-райына тікелей байланысты екені сөзсіз. Мол астыққа кенелудің 70 пайызы ауа-райына қатысты. Тек 30 пайызы агротехнологияға байланысты. Сондықтан ауа-райын нақты болжау арқылы, шаруалар артық шығынға да батпас еді.

Мамандардың айтуынша, тегін қызмет көрсететін «AgroData» қосымшасының баламасы  Орталық Азияда жоқ.  Ауыл шаруашылық саласында ІТ-технологияны қолдана отырып, астық көлемін молайтып, мал шарушалығының өнімділігін арттыруға мүмкіндік тууда. 2018-2019 жылдары шаруа қожалықтарына қызмет көрсету тәжірибесі қолға алынғанды. Агрометеоролгиялық ақпарат 80 астам фермерлік шаруашылыққа өтеусіз беріліп, 500 мыңнан астам жер теліміне қызмет көрсетілді. Бұл Солтүстік-Қазақстан, Батыс –Қазақстан және Алматы облыстарының шаруаларының шығындары 5-10 пайызын төмендеткен еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.