Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дезинфекциялау жұмыстары қолға алынды

c 16:54, 13/03/2020 c 873

0:00 / 0:00

Соңғы әлемдегі жағдайға байланысты елдің үкіметі тиісті шараларды қабылдаған болатын. Осыған сәйкес еліміздің аумағында барлық бұқаралық сипатта ұйымдастырылатын концерт, спорттық шаралардың өтуіне тыйым салынды. Сондай-ақ кинотеатрлардың да жұмысы тоқтады. Кесел таралмас үшін қабылданған шараларда қоғамдық орындар, сауда нүктелерінде жаппай дезинфекциялық шараларды қолға алуға байланысты тапсырма жүктелді.

Қалалық әкімдікте арнайы үкіметтің қаулысына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін сала мамандары кәсіпкерлермен кездесті. Санитарлық дәрігерлер сауда нүктелерінде дизенфекциялық жұмыстарды мүмкіндігінше көбірек жасауға кеңес береді. Негізінде, сауда орындарында екі мәрте дезинфекциялық жұмыстар атқарылуы тиіс.

Сауда орындарында дезинфекциялық жұмыстар қолға алынған. "Сити центр" ойын-сауық ортылығының мамандары әрбір отырғыш, экскалаторларды жиі-жиі хлормен сүртіп, тазалық жұмыстарын күшейткендігін айтады.

Дезинфекциялық жұмыстар әрбір қоғамдық көлікте жүргізілуі керек. Жүргізушілер мен кондукторлар әрбір автобусты айналым сайын жинастырып, көліктің ішін сүрту қажет.

Сондай-ақ, қалалық әкімдікте өткен кездесу барысында қала әкімі шаһар көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің жеткілікті екендігін айтып, барлық базарлар мен сауда нүктелерінің қалыпты деңгейде жұмыс жасайтындығын мәлімдеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.