Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТАЛАБЫ

c 09:44, 25/11/2021 c 1318

0:00 / 0:00

Халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғай алмай отырған еңбек министрлігінің атауын «бюджетті халықтан қорғау министрлігі" деп өзгерту қажет дейді депутат Ерлан Смайылов. Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы үкіметтен жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерін көтеруді талап етті. Ал ақжолдықтар Ұлттық банк пен қаржы нарығын дамыту агенттігінен микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін реттеуді қайта қарауды және оның мөлшерлемесін түсіруді талап етті. Депутаттардың пікірінше, микрокредиттік ұйымдардың пайыздық мөлшерлемелері тым асқақтап кеткен. Шағын несие алушылардың қалтасын қағып отыр. Парламент Мәжілісінің жалпы отырынан толығырақ тілші тарқатады.

Соңғы кезде үкіметтің жұмысына көңілі толмай отырған халық үніне қатысты сыни сауалдар легі бүгінгі отырыста көрініс тапты. Мәжілісмен Ерлан Смайылов бастаған топ, үкіметтен жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерін көтеруді талап етті. Ал осы әмселені көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуды ойлайтын еңбек министрлігнің бұл жайында аузы ашпауы,салалық министрліктің халықты қорғау жолындағы өз миссиясын әлдеқашан жоғалтқаны деп отыр депутат. Министрліктің атауын халықты әлеуметтік қорғау емес "бюджетті халықтан қорғау министрлігі" деп өзгерту қажет, дейді депутат Смайылов.

ЕРЛАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ "Жәрдемақы мен зейнетақының мөлшері ел азаматтарының нақты қажеттілігіне сай келмейтінін және олардың сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алмайтынын көрсетіп отыр. Бұл ретте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың мүддесіне сай келмейтін ұстанымда отырғаны алаңдатады. Халықты қорғап, үкіметтің алдында мәселені көтерудің орнына министрлік бюджет қаражатының тапшылығына сілтейді. Салалық министрлік халықты қорғау жолындағы өз миссиясының идеологиясы мен түсінігін әлдеқашан жоғалтқан республикалық ұйымға айналды. Оның атауын "бюджетті халықтан қорғау министрлігі" деп өзгерту қажет".

Келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы қазіргі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге, зейнетақы мен жәрдемақы 5 процентке ғана көтеріліп, халық өарық болып қалмақшы. Бұл орайда, еңбек министрлігі мүгедектігі бар адамдардың, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты үйде отырған аналардың, көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын, сонымен қатар ең төменгі зейнетақыны ұлғайту мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Тек жәрдемақының барлық түрін 2022 жылдан бастап 5 процентке арттыруды жоспарлап отыр. Бірақ бұл көлем инфляцияның статистикалық өсімі түгілі, азық-түлік пен киімнің, түрлі қызметтер мен тариф бағасының шығынын жаппайды дейді депутат. Мәжілісмендер әлеуметтік төлемге басымдық беруден адам капиталына инвестиция салу тұжырымдамасына көшу қажет деп отыр. Ал ақжолдықтар микрокредиттік ұйымдардың пайыздық мөлшерлемелері тым асқақтап кеткенін айтады. Бұл шағын несие алушылардың қалтасын қағып отыр. Азаматтар 145 мың теңгеге дейінгі микрокредиттерді рәсімдеу кезінде олар уақтылы төленбеген жағдайда борыш 2 есе өседі дейді депутат Еспаева. Ал микроқаржы ұйымдары борышты өтеу мерзімін ұзарту немесе қайта құрылымдау туралы өтініштерді қабылдамайды.

Президенттің Жолдауында әлеуметтік проблемаларды шешу және ауыл тұрғындары арасында қаржыландыруға қол жеткізуді кеңейту үшін микроқаржы ұйымдарының маңызды рөлі айтылды. Қазір ауылды жерлерде микроқаржы ұйымдары жұмыс істеп жатқаны мәлім. Яғни осы тапсырманы іске асыруда микроқаржы ұйымдарына ел бюджетінен төмен мөлшерлемемен кредит беру үшін ресурстар бөлу көзделген. Алайда, микроқаржы ұйымдарына 2000%-дан асатын қарыздар беру бойынша заңнамада көзделген мүмкіндік Президент Жолдауына толығымен қайшы келеді дейді депутат. 2021 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша микроқаржы ұйымдарының жиынтық кредиттік портфелі 27,8%-ға ұлғайған. Бұл орайда «Ақ жол» ҚДП фракциясы ұлттық банк пен қаржы нарығын ретету агенттігінен борыштық жүктеменің бақылаусыз өсуіне жол бермеуді, микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін реттеуді қайта қарау және қарыздың сомасы мен оны пайдалану мерзіміне қарамастан, жалпы реттеуді атап айтқанда сыйақы мөлшерін 56% түсіруді талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.