Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Депутаттар алдында көтерілген мәселелер

c 18:21, 22/02/2022 c 625

0:00 / 0:00

Үстіміздегі аптада еліміздің әр аумағында ҚР Парламент Мәжіліс депутаттарының кезекті іс сапары басталды. Осы орайда «Ақ жол» фракциясының депутаттары Ерлан Барлыбаев пен Мақсат Раманқұлов Батыс Қазақстандағы бизнес субъектілерінің бірқатар өкілдерімен кездесіп, әсіресе кәсіпкерлік саласындағы қордаланған мәселелердің шешу жолдарын қарастыруда. Халық қалаулылары бизнес өкілдерімен кездесіп, пандемияның салдарынан болған мәселелердің шешімін өзара талқылады. Бұл күнгі басқосуда "Қаңтар оқиғасы" да сөз болды. Өздеріңізге белгілі бұл оқиғада әсіресе кәсіпкерлік саласына аса ірі көлемдігі шығын келуі себепті кәсіпкерлер қазір мемлекет қолдауына зәру. Өйткені қарпайым халықтың 40 пайызын жеке кәсіпкерлер жұмыспен қамтып отыр.Депутаттармен кездесу барысында шешімін таба алмай жүрген сұрақтар талқыға салынды. Солардың бірі - елдімекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жәйі. Өйткені пандемия салдары еліміздегі цифрлық саланы дамыту қажеттігін дәлелдеп берді. Одан кейінгі мәселе-халықтың денсаулығы. Бұқаралық спортты дамытудағы қағаз жүзіндегі мәлеметтер шындыққа жанаспайды. Депутаттардың айтуынша, соңғы уақытта спорт кешендері халық мүддесі үшін қолданылмай отыр. Аймақтық спортты дамытуға бөлінген қаражаттың орынсыз жұмсалуы байқалып отыр. Қалалық мәслихат депутаты Юрий Казанин осы мәселелерге баса назар аударуды сұрады."Ақжолдықтар" аталған мәселелер алдағы уақытта міндетті түрде қарастырылатынын және жергілікті депутаттар да өз кезегінде барынша жұмыс жасап, мәселелердің шешімін табуда аянбай еңбек етулерін тілге тиек етті. Қазіргі таңда халықтың болашақтан күтері зор. Сол себепті депутаттар халық үнін жоғарғы билік өкілдеріне жеткізіп, айтылған мәселелер шешімін тапса нұр үстіне нұр болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.