Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа оқу жылына жаңа мектеп

c 09:18, 01/09/2018 c 870

0:00 / 0:00

Зеленов ауданына қарасты Дариян ауылында көп жылдан бері оқушылардың арманына айналған жаңа мектептің құрылысы аяқталып, алғашқы қоңырау соғылды. Аталмыш нысанның құрылысы өткен жылдың мамырында басталған еді. Жобаның құны 1 млрд теңгеден асып жығылады. Бүгінгі таңда, аталмыш оқу ордасында 300 оқушы білім алмақ. Биылғы жылы Дариян қазақ мектебіне гимназия деген атау берілді.

Бұл мектептің қабырғасы өткен жылдың мамырда қалынып, мердігер компания құрылысты биылғы жылы аяқтаған еді. Құрылыс жұмыстары үшін ұлттық фонд 1 млрдтан астам қаржыны бөлген болатын. Бүгінгі кескіні келіскен ғимараттың өзі 300 орынға арналған. Сондай-ақ, мектеп жанында 100 балаға арналған мектеп интернатта өз жұмысын бастамақшы.

Мектептің ашылу салтанаты мен алғашқы қоңырауға арналған жиында ғимараттың кілті салтанатты түрде ұстаздарға тапсырылған болатын. Кезінде тар ғимаратта білім алып келген оқушылар үшін биылғы алғашқы қоңыраудың алатын орны ерекше. Ал, биылғы жылы 23 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын атап отыр.

Жас буын өкілдері жүрек жарды пікірлерін ортаға салып, елімізде атқарылып жатқан оңды істерді баяндап, тілектерін білдірді.

Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі барша Дариян ауылының тұрғындарын қуанышпен құттықтап, Зеленовта білім беру саласы үшін атқарылып жатқан жұмыстарын жіпке тізді.

Бауыр еті баласын мектепке жетектеп келген ата-аналар білім ордасының сәулетті ғимаратымен, қажетті құрал-жабдықтарын атап өткен еді.

Биылғы жылы облысымыздың мектептерінде ашыла бастаған жаңашыл іт-сыныптың біреуі осы қазақ мектебінде өз жұмысын бастамақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.