Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәріханаларды тексеруде

c 17:32, 12/10/2020 c 390

0:00 / 0:00

Орал қаласының дәріханалары жіті бақылауда. БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары, "Ақжайық-адалдық алаңы" мен жемқорлыққа қарсы қызмет дәрі-дәрмектің саны мен бағасын тексеру үшін атқа қонды.

Коронавирустың екінші толқынына дайындықты тексеру үшін бірнеше саланың мамандары Оралдағы дәріханаларды аралап, дәрінің санын білді. Мақсат біреу- дәріханада кезек болдырмай, дефицит тудырмау. Зашаған кентінде орналасқан мына дәріхананың иесі вирусты емдейтін барлық дәрінің бар екенін айтады.

Қиын-қыстау кезеңде дәрінің бағасы тым қымбаттап, азаматтар сағаттап адам жанын емдейтін дәріні сатып алу үшін кезекке тұрғанын көз көрді. Осыны болдырмас үшін Қазіргі таңда «Ақжайық» әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясы Алматылық ірі дәрі тасымалдайтын дистрибютрмен және «СК Фармациямен» келісімге келген. Аталмыш компания облысқа 25 дәрінің, СК Фармация 8 дәрінің түрін тасымалдауы керек.

Сала мамандарының келтірген ақпарына сүйенсек, қазіргі таңда дәріханалар мен олардың қоймаларында 2 айға жететін дәрінің қоры жинақталған. Ал резервте 4 айға жетуі тиіс дәрі-дәрмек жасақталыпты. Және еліміз бойынша дәрі-дәрмектің шекті бағасы белгіленген. Мысалы, бетпердені 60 теңгеден қымбат саудалауға болмайды. Дәрінің шектік бағасын "Дәрі кз" бағдарламасынан білуге болады. Қасақана дәріні қымбатқа саудалаған дәріхана иесінің кінәсі дәлелденсе, жауапқа тартылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.