Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәрігерлер шағымы

c 02:15, 14/04/2020 c 468

0:00 / 0:00

COVID-19 індетімен бетпе-бет күресіп жатқан ақ халатты  жандарды қорғау шаралары сын көтермейді. Науқастармен байланыста жүрген дәрігерлер қажетті қорғану киімдерімен толық қамтылмаған. Медицина қызметкерлерінің жұмыс режимінде бұзушылықтар анықталып отыр. Бұл жайында  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова хабарлады. Оның айтуынша, жүргізілген тексерулер барысында медицина мекемелерінде қауіпсіздік шаралары сақталмайтыны анықталған. Өздеріңізге мәлім, қауіпті індет жайлағалы еліміздің дәрігерлері тарапынан шағымдар көп түсіп жатыр. Аурухана басшылары тарапынан заң бұзушылықтарға жол берілгені айтылған болатын. Тіпті дәрігерлер қорғану киімдерімен, жатын орындарымен, тамақпен дұрыс қамылмағаны да айтылғанды.  Ал елімізде қауіпті індетті жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 211 адамды құрап отыр. Жалпы Қазақстанда бойынша COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 979-ға жетті. Жазылып шыққандар 110, қайтыс болғандар саны 12 адамды құрап отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі аты жаман індетпен бетпе-бет күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне толық жағдай жасалмай отырғанын  мойындады. Өздеріңізге мәлім, бұған дейін елордадан бастап, өзге аймақтардағы дәрігерлер қорғану шараларымен қамтылмай отырғандықтарын, денсаулықтарына қауіп төнгенін айтып шырылдаған болатын. Алғашқы болып Нұр-Сұлтандық  медицина қызметкері мәселе көтерсе, Жамбыл облысының дәрігерлерінің шағымынан соң аудандық аурухана басшылығы жұмысынан кетті. Демалыс күндері Атыраулық дәрігерлер наразылық білдірді. Тізе берсек мұндай келеңсіздің еліміздің барлық аймағында бар.Шағымдар түсе бастаған соң, министрлік тексеру жүргізіп, нәтижесінде заң бұзушылықтың орын алып отырғанына көздері жетіпті.Бүгінгі күні елімізде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 900 адамнан асып жығылса, соның 211 медицина қызметкерлері. Қауіпті індет жұқтырған науқастардың өмірін арашалап қалу үшін күн-түн жұмыста жүрген ақ халатты абзал жандарға медицина ұйымының басшылығы, жергілікті әкімдіктер тиісті жағдай жасай алмай отыр.

Людмила Бюрабекова –ҚР денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрағасы; «Медицина ұйымдарының басшылары мен жергілікті атқарушы органдар дәрігерлерді қорғауда салғырттық танытты.Оларды қорғану заттарымен қамтымаған, дезинфекциялаулау құралдарын бермеген. Санитарлық дәрігердің талаптары  бұзылған.Нысандардың техникалық жағдайы да қажетті талаптарға сай емес.Дәрігерлердің жұмыс істеу режимі бұзылған.Дәрігерлер 24 сағат бойы жұмыс істеген.Сөйте тұра оларды жеке  қажеттілікпен толық қамтымаған. Тіпіт олардың қорғану киімдерін кию техникасында да бұзшылықтар болған.Медицина  қызметкерлерінің демалатын орындары да дұрыс болмаған».

Бюробекова ханым тізіп шыққан кемшіліктер еліміздің барлық аймақтарында  тіркеліп отыр. Тек Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында ғана санитарлық норма қамтылған дейді ол.Сондай-ақ, медицина қызметкерлері тарапынан да қауіпсіздік шараларын сақтау нормалары бұзылған деректер де жоқ емес. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жасырын түрде медицина мекемелерін аралап, осындай кемшіліктерді өз көзімен көріп қайтқан.

Людмила Бюрабекова –ҚР денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрағасы; «Медицина қызметкерлерінің сақтық деңгейінің төмен болып жатқанын да атап өту керек. Мәселен бүгін мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Серікбайқызы Қарағанды облысына барған кезінде Теміртаудағы инфекциялық стационарға пациент ретінде кіріп шыққан. Ондағы қызметкерлер аталған пациентке абайлап тексеру тәртібін сақтамаған. Оны жеке қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етпей бүкіл қабылдауды жүргізген»

Айта кету керек, Қазақстанда қауіпті індеттің шарықтау шегі сәуір айының аяғы мен мамырдың басында болады деген жағымсыз болжам бар. Денсаулық сақтау министрілігінң өкілінің айтуынша, бұл айларда ауру жұқтырғандардың саны 2 мыңнан асуы мүмкін. Сондықтан қазақстандықтарға карантиннің қатаң талаптарын ұстанған жөн. Үкіметтің баспасөз қызметінен келіп түскен ақпаратқа сай, бүгін төтенше жағдай режиміне қатысты  Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.Онда Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымын ескере отырып, қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отыра  Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын кезең-кезеңмен қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

20 сәуірден бастап өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарының, сондай-ақ қызмет көрсету саласының белгілі-бір секторларының жұмысы қалпына келтіріледі. Ең бастысы олар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы қажет.  Сондай-ақ кәсіпорындар қызметкерлерінің жұмыс орындарында әлеуметтік ара қашықтықты сақтауы тиіс. Жұмыскерлерін арнайы көлікпен апарып-алып келу мәселесі де қамтылғаны жөн.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.