Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәрігерді қамауға болмайды

c 10:38, 23/11/2019 c 388

0:00 / 0:00

Дәрігерлерді темір тордың арғы жағында ұстауға болмайды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева  трансплантолог Ғани Құттымұратов пен оның әріптесі Абылай Донбайға қатысты қозғалған іс бойынша осындай пікір айтты. Еске сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбайдың  18 қараша күні ұсталғанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Одан бөлек дәрігер-трансплантолог Ғани Құттымұратов та адам ағзаларын заңсыз сатты деген күдікке ілінгені хабарланды.

Шымкент қаласының №1  клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбайға қыллмыстық кодекстің "трансұлттық қылмыстық топқа қатысу" және "адам органдарын заңсыз алу" баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген айып тағылып отыр. Ішкі істер министрлігінің хабарауынша, 2017-2018 жылдары Қазақстан аумағында адам органдарын трансплантациялау саласында тұрақты қылмыстық топ жұмыс істегені анықталды. Донорлар ретінде ауыр материалдық жағдайға байланысты өз бүйрегін сатуға мәжбүр болған Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары екен, ал науқастар алыс шетелдердің, негізінен Израильдің  азаматтары болып шықты. Тергеу анықтағандай,  дәрігер Донбай адам органдарын заңсыз сатып алған, сатқан.   Ол үшін ірі ақшалай сыйақы алған. Бүйректі алу және ауыстырып салу бойынша заңсыз операциялар жүргізген. Қазір клиникалық аурухананың бас дәрігері уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Бұдан бөлек дәрігер-трансплантолог Ғани Құттымұратов та адам ағзаларын заңсыз сатты деген күдікке ілінгені мәлім болды.Бұл заңсыздық бойынша пікір білдірген денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева әріптестерінің қамауда отырғанына қарсы. Ол тергеу амалдары жүріп жатқан кезде дәрігерді темір тордың ар жағында ұстауға болмайды деген позицияны ұстанады.

Ләззат Ақтаева – ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары; "Құқық бұзушылық болды ма, қылмыс болды ма - оны сот дәлелдейді. Дәрігерді басқа қылмыскерлермен бірге түрмеге отырғызуға болмайды. Бостандығын шектеудің басқа да альтернативті әдістері бар. Егер сот оны кінәсіз деп тапса, дәрігер ота үстеліне, науқастарға оралады. Дәрігер үшін науқастың сенімін жоғалтпау маңызды"

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.